Сайтқа кіру Тіркелу

Ғұндар тарауы бойынша қорытынды –қайталау

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарауы бойынша қорытынды – қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы ғұндар тақырыбы бойынша қайталау.
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ - жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелік: Ежелгі ғұндардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін талдайотырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: білім - білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, жинақтау қорыту
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, баяндау, сұрақ - жауап, СКТТ
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, тірек сызбалар, мәтіндер, плакаттар, сөзжұмбақ, кубик, зырылдауық, интерактивті тақта
Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер:
Н. Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы», Қазақстан тарихы. Очерктер
Қазақ кеңес энңиоклопедиясы 3том, 449 - бет, Қазақстан балалар энцио
клопедиясы, Ежелгі Қазақстан тарихы, Ақселеу «Көшпелілер тарихы»Алматы, 1995
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
А) сыныпты үш топқа бөлу
Ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
2. Өткен сабақты қайталау, пысықтау
3. Оқушылар білімін тексеру
4. Топтарға әртүрлі тапсырмалар беру
5. Қорытындылау
6, Бағалау
7. Үйге тапсырма
Сабақ бастау алдында өткен тақырыптар бойынша ғұндардың тарихы туралы қысқаша шолу ретінде сұрақ - жауап әдісі бойынша
Мынадай сұрақтар беріледі.
1. Ғұндар Қазақстанның қай жерін мекендеген
2. Олардың билеушісі кім
3. Қандай жерлерге жорық жасады
4. Аттила туралы не білесің
5. Олардың соғыс құралдары, шаруашылық түрлерін атаңдар
Оқушылар жауабынан кейін сыныпты үш топқа бөлеміз
1 - топ «Этнографтар»
2 - топ «Археологтар»
3 - топ «Тарихшылар»
1. Ауызша дөңгелек үстел. Бұл тапсырманы барлық топтар орындайды. Әр топтың оқушылары өз саласы бойынша ғұндар
Тақырыбында мағұлмат береді.
2. Топтарға тапсырмалар беру.
1 - топқа тапсырма
Ғұндар
2 - топқа «Жұлдызды сәт»ойыны
р/с Сұрақтар жауаптар
1. Ғұндар қанша ру болды
2. Ғұндарда жеке меншік болды ма
3. Мемлекет басында кім болды
4. Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды
5. Кімдер түменбасы бола алатын еді
6. Түменбасылар кімдерді тағайындады
7. Бұқара халық кімдерге тәуелді болды
8. Ғұндарда лауазым меншен қалай беріліп отырды
9. Салық кімдерге салынды
10. Ғұн әскерлерінің негізі кімдерден құралды
3 - топқа Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мәтінді толықтыр
Ғұндар негізінен ———— тұрды. Еденге ———– төсеген.——–
Төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған. Киіз үйдің төрінде
———- ілулі тұрды. Ал ——— әшекей бұйымдар жасады. Ғұн әйелдері құлағына ———–, саусақтарына ———,———— шаштарына ———- таққан.
Тапсырмалар орындап болған соң оқушылар талдайды.
Келесі тапсырмалар.
1 - топқа. Сызбаны толтыр
Ғұндар шаруашылығы
2 - топқа Көп нүктенің орнына тиісті мерзімді қой.
——– Ғұн патшасы Аттила өмірге келді.
—— Аттила қуатты шығыс империясына жорық жасап, тізе бүктірді.
——- Мүмкіндігі бола тұра Римді құлатпады
——- Аттила қайтыс болды
——- Аттила Галлияда римдіктермен франктердің біріккен күштерін жеңілді
3 - топқа. Ғұндар мен Сақтардың тарихын салыстыру
Ғұндар Сақтар
Келесі тапсырмалар екі топқа ортақ беріледі.
Кубизм әдісі бойынша оқушылардың жауаптарын тыңдау.
1. Зертте: Ғұндардың мекендеген аймақтарын атап, картадан көрсет.
2. Суретте. Оқулықтағы суретке қарап ғұн сарбаздарын суретте.
3. Салыстыр: Сақтар мен ғұндардың тұрмысынсалыстыр.
4. Өз ойыңмен байланыстыр: «Ғұндар»деген сөзге ассоциация құру. Ондағы сөздерді «Ғұндар»деген сөзге байланыстыр
5. Қолдан: Аттила патша болмаған жағдайда ғұндар тарихта сақталар ма еді, сақталмас па еді
6. Өз пікірің: Аттиланың тарихтан алатын орны туралы не айтасың
Ғұндар тақырыбы бойынша тарихтағы жылдарды есептеуге арналған тапасырмалар
. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы оқушы тез ойлап, тез есептеуге дағдыланады.
1. Мөде билікке б. з. б 203жылы келді. Л. Н. Гумилев «Хундар» Мөде бастаған Хун империясының пайда болу тарихын толық сипаттап жазған. Кітап 1993жылы шықты. Содан бері неше жыл өтті.
2. Каталаун ұрысы мен б. з. б 530жылы сақтардан жеңілген Кир жорығының арасындағы оқиғаларға қанша жыл өтті
3. Жазба деректерде көрсетілгендей ғұндардың алғаш рет аталуы олардың Қытайға жасаған жорықтары - б. з. б 822жылғасәйкес келеді. Ғұндар бұдан неше жыл бұрын жазба деректерде көрініс тапты.
4. Б. з. б 203жылы Орталық Азиядағы хундарды Мөде басқарды. 455жылы Аттила ғұндардың басшысы болды. Осы екі оқиғаның арасында неше жыл өтті?
Сабақты қорытындылау.
1. Реферат талқылау.
Мөде мен Аттила туралы
2.. ОСКТТ бойынша қорытындыланады.
Бағалау
Оқушылардың жетістіктеріне шолу жасалып, еңбектерін бағалау
Үйге тапсырма:
1. Ғұндар тарауын қайталау.
2. "Аттилаға" арнап бес жолды өлең жазу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×