Сайтқа кіру Тіркелу

Қытай

8 - сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8. Қытай. /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
 Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды ашып көрсету. ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырлардағы Цин империясының мемлекеттік, саяси - әлеуметтік құрылысына сипаттама беріп, жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аудару. Қазақ - қытай қатынастарында екі жақтың көзеген мақсатын анықтап, сауда байланыстарының екі ел үшін де тиімді болғанын көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы Қытай мен Үндістан»картасы, «1779 - 1786 жылдарға дейінгі отарлық иеліктер».
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Әнұран орындау, «Хабар».
 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Осман империясы жаңа дәуір басында қандай ел еді?
 Осман империясының әр түрлі ұлт аймақтарының даму деңгейі бірдей болды ма?
 Осман империясында ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырлардағы жаңа заманға сай қандай өзгерістер жүрді?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Халықтың жағдайы.
2. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы.
3. Цин империясының мемлекеттік, саяси - әлеуметтік құрылысы.
4. Цин империясының жүргізген басқыншылық соғыстары.
5. Қазақ - қытай қатынастары.
6. ХҮІІ - ХҮІІІ ғғ. Қытайдағы егіншілікпен сауданың дамуы.
Маңызды оқиғалар:
 1644 ж.- Маньчжурлар Пекинде өкімет билігін өз қолына алды.
 1644 - 1912 жж.- Қытайдың Цин империясы деп аталуы.
 1755 - 1757 жж. – Жоңғар хандығын бағындырды.
 1759 ж.- Цин империясы Шығыс Түркістанды өзіне бағындырды.
 ХҮІІІ ғ. бірінші жартысы - Қытайдың қазақ хандықтарымен байланыс жасау кезеңі.
 1757 ж. Еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салынды.
ІҮ. Сабақтың бекіту: «Мұны әркім білуі тиіс» ойын
1. Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?
2. Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?
3. Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?
4. Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ - қытай байланыстары дами бастады?
5. Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?
6. ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?
7. Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.
Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§8
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қытай, тарих
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×