Сабақтың мақсаттары:
1. Білімдік: Оқушыларды қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесімен, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтап, жүйелі ойлау, өздігінен жұмыс істеу білу дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік: Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, Жанқожа, Есет батыр суреттері. Карта. Кесте «Дұрыс – бұрыс» ойыны.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Ойталқы», топтық жұмыс, ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа керек – жарақты дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғап, әсер ету кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Алдымызда қандай мереке жақындап келеді? Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер? Тәуелсіздік үшін болған көтерілістер туралы не білесіздер? Отаршылдық езгіге қарсы қандай көтерілістерді білесіздер?
Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы мен салдары
№ Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары
Отаршылдыққа қарсы көтерілістер жайлы білімімізді «Дұрыс – бұрыс» ойыны арқылы тексерейік.
Оқиғаның дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.
дұрыс бұрыс
1. Қазақтардың Е. Пугачев соғысына қатысу себебі – жерін қайтарып алу +
+
2. Бұл көтеріліске қатысқан қазақ сұлтаны - Нұралы Досалы +
3. Сырым батыр көтерілісі - 10 жылға созылды 14 жыл +
4. Сырым батырдың руы - байбақты +
5. 1Павелдің бұйрығымен Ішкі орда 1827 жылы құрылды 1801
6. 1797 жылы Айшуақ хан сайланды +
7. Бөкей ордасы Есіл мен тобыл аралығында болды Еділ - Жайық +
8. Ішкі ордада көтерілісті Кенесары бастады Исатай мен Махамбет +
9. Исатай көтерілісі Ақбұлақ шайқасында жеңілді +
10. 1842 - 47 ж ж Бөкей ордасында көтерілісті басқарған - Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы +
11. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған - Амангелді батыр Иман +
12. Кенесары хандық соты енгізді +
13. Кенесары көтерілісі 1937 - 47 жылдары болды 1837 - 47 +
14. Кенесары 1841 жылы хан болып сайланды +
15. Кенесары қозғалысына 1844 жылы қарсы шыққан сұлтан - кіші жүз сұлтаны - Жантөреұлы +
16. Кенесары сауда және аң шаруашылығына көп көңіл бөлді егіншілік +
Өткен тақырыпты жинақтай келе, үй тапсырмасын сұрастыруға көшу.
Ендеше, балалар, біздің үйге берілген тақырыбымыз отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс басшылары Жанқожа және Есет батыр жайлы болатын. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың патша үкіметіне және Орта азиялық хандықтарға қарсы көтерілістері. Ресей әскері Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік - Шығыс арқылы ілгері жылжи түсуі, жерді тартып алуы, шектен тыс озбырлығы, Хиуа, Қоқан хандықтарының үнемі шабуылы қазақтардың көтеріліске шығуына себеп болды. Осындай көтерілістерге халықтың қалың бұхарасын бастап шыққан батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы еді.
Топпен жұмыс. Сынып 2 топқа бөлінеді. Топ тапсырмалары:
1 - топ: Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекетіне қарсы күреске шығуының себептері неде деп ойлайсыңдар?
Жанқожаның Хиуа, Қоқандықтарға қарсы күреске шығуының себебі неде?
2 - топ: Сыр бойы қазақтарының патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептері қандай?
Халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары, тарихи маңызы?
Материалдың ең негізгісін түйіндеп жұмыс дәптеріне жазады және әр топ өз жобаларын қорғайды. Мұғалім толықтырады
«Портреттер сөйлейді» көрсетілген суреттегі адамның аты - жөнін атап, өмірбаянына тоқталу, екі топқа екі батырдың суреті беріледі. Слайд ретінде көрсету.
Есет батыр Жанқожа батыр
Датамен жұмыс. Интерактивтік тақтаға даталарды жазу және қысқаша қандай оқиға болғанын айту.
Картамен жұмыс.
1. Көтеріліс аудандарын көрсету
2. Орта Азия мемлекеттерінің шекараларын көрсету, астаналарын жазу, жаулап алған уақыттарын айту.
3. Райым бекінісінің құрылған уақытын айту.
Венн диаграммасы.
Салыстырмалы талдау. Жанқожа батыр көтерілісімен Есет батыр көтерілісін салыстыру. Көтерілістің алғы - шарттары, көтерілістің мақсаты, сипаты, қозғаушы күші, көтерілістің жеңілуі мен маңызы.
Жанқожа батыр бастаған көтерілістің ерекшеліктері
Көтерілістің ортақ белгілері Есет батыр бастаған көтерілісінің ерекшеліктері
Сұрақтар қою арқылы тақырыпты бекіту.
1. Сыр бой қазақтарының 19 ғасырдың 50 жылдарындағы азаттық күресті басқарған: Ж. Нұрмаханбетұлы
2. Жанқожа бастаған күрестің жаншылған жылы: 1860 жыл
3. 1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: сұлтан Жантөрин
4. 1858 жылы қырғыз - қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген
жер: Пішпек түбі
5. Ж Нұрмұхамедұлы Бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 ж
6. 19 ғ. 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған: Есет батыр
7. 1858 ж наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі: Әулие ата маңында болды
8. Есет бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөре ұлы
9. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты: Қазақ феодалдары мен ымыраға келу арқылы
10. 1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілісті ң нәтижесі: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғы шарт жасады
11. Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра: Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады
12. Қазіргі Қазалы қаласының 19 ғасырдағы атауы - Райым
13. 1856 - 57 жылдардағы Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс тірегі болған қала - Жаңақала
III. Сергіту сәті. Алдымызда келе жатқан мейрамға қатысты, әр оқушы өз тілегін жазып, оқиды артынан қыс мезгілі болғандықтан бір - біріне қар сияқты лақтырады.
IV. Жаңа сабақ.
Оқушыларға слайдты қолдана отырып түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс.
Сынып 2 топқа бөлінеді. Топ тапсырмалары:
1 - топ: Қазақтың ауылы, қазақтың киіз үйі туралы әңгімелеу.
2 - топ: Қазақтың мал шаруашылығы туралы әңгімелеу.
Материалдың ең негізгісін түйіндеп әр топ өз жобаларын қорғайды. Мұғалім толықтырады.
Интерактивтік тақтамен жұмыс:
Қазақтар қандай мал өсірді Малдан алынатын ұлттық тағамдар
1
2
3
4
5
Егіншілікке қатысты кесені толтыру.
Қазақстанның қай аймақтарында
жер шаруашылығы дамыған? Қазақтар астық тұқымдастарының қандай түрлерін өсірді? Жер өңдеуге арналған құрал - саймандар. Астықтан дайындалатын ұлттық тағамдар.
V. Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан біз не білдік? Сабақтағы ең негізгі мәселе не деп ойлайсыз? Неліктен олай ойлайсыз? Негізгі мәселені бір сөзбен айқындап, сол сөзді тақтаға жазу. Осы сұрақтар төңірегінде әр оқушы бір сөйлеммен өз пікірін жапсырма қағазға жазып, даналық ағашына барып іледі. Оқушыларды бағалау.
VI. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқу, мазмұндау, слайдтар жасап әкелу.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
- пригород
- 1 сәуір 2013
- 11026
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
"Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің"- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі,...1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...Сырым Датұлы бастаған көтерілісі
СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құлмағанбетов Елеусіз Елтайұлы...ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.