Сабақтың тақырыбы: « Қыпшақ хандығы XI - XIII ғ. ғ.»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: - Оқушыларға Қыпшақтардың қоныстанған жері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы туралы мағлұматтар беру
б) Дамытушылық: - Сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ойын дамыту.
в) Тәрбиелік: - Оқушыларды елжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, топпен, жекелей, шығармашылық, картамен жұмыстар т. б.
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, суреттер, сөздер және даталар жазылған қима қағаздар, «тарих дөңгелегі».
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, математика.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: 1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
3. Оқушылардың ынтасын жаңа тақырыпқа бұру, қызығуын тудыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз. 1 - қатар – «Ұлы жүз», 2 - қатар – «Орта жүз», 3 - қатар – «Кіші жүз». Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы әр жүздің хандарын, батырларын, төлеңгіттерін, билерін анықтайтын боламыз.
- Күлтөбе басына үш жүздің өкілдері жиналып қалған екенбіз. Олай болса өз тарихымызды қалай білетінімізді, білімімізді сынап көрейік. Алғашқы кезеңі: «Сөздік диктант» (Жаппай орындайды)
1. Руна
2. Инал
3. Жабғу
4. Тәңір
5. Қарабұдұн
6. Икта
7. Бұрықтар мен тархандар
8. Сюбашы
9. Теле
10. Беклербек
Жауабы: 5, 2, 1, 10, 3, 9, 7, 4, 8, 6.
(Тақтада дайын сөздер тізімі беріледі. Мұғалім осының ішінен кез-келген сөздің жауаптарын оқиды. Оқушы бұл қай сөз екенін тауып, тұсындағы санды ғана қойып отырады. Жұмбақ сандар белгілі болғанда, мұғалім жұмбақ сандарды оқиды, әр оқушы жауаптарын тексеріп, қатесін түзеп өз бағасын қояды. Баға қою шкаласы: 10 сөз – «5», 9 - 8 сөз – «4», 7 - 6 сөз –«3», 5 - ден төмен - «2» ).
Келесі кезең: « Хронологиямен жұмыс»
(Бұл жарыста біз математикалық есептер шығару арқылы белгілі оқиғалардың жылдарын анықтауымыз керек. Сол жылдары не болғанын атаймыз.)
1. 1400:2+4=704
2. 1000:20+(1000 - 80)=960
3. 75*10+1=751
4. 2200:6+102=542
5.(55*50)-(80*20)+22=1128
6. 100*9+42=942
7. 1*3+20*30=603
Жарысымызды жалғастырайық. Нашар көрсеткіш көрсеткен оқушылар шығып отырады. Оларды тақтада мұғалім белгілеп қояды. Жарыс ары қарай қыза түспек, тапсырмалар қиындайды.
Сабақтың бұл кезеңі: «Картамен және кескін картамен жұмыс». Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттерді кескін картаға түсіру.
Ал, жарыстың келесі айналымына өту үшін, барлығымыз дем алып, тыңдап отырамыз.
3. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Балалар! Біз жаңа сабақтан не білгіміз келеді? Қанекей, тақтаға ойларымызды жазайық.
Сабақ жоспарын бірге айқындап алайық:
1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Саяси жағдайы
5. Шаруашылығы.
Электронды оқулықты пайдалана отырып мұғалім жаңа сабақ түсіндіреді. Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.:
1. Қыпшақтар:
1. Батыс бірлестік (11 тайпа)
2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 - ірі, 8 - ұсақ)
2. Басқару жүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)
3. Зерттеушілер:
1. Ибн Баттута – «Қыпшақтар малға бай...»
2. Плано Карпини, Рубрук – «Қыпшақтардың жылқы малы 100 - 500 динарға сататын...»
3. Петахья – «..... тары мен күріш өсіреді....»
4. Әл - Омари – «..... бидай, арпа, тары өсіреді»- деп жазған.
Дәптермен жұмыс:
Жаңа сөздерді:
Орда – хандық билік орталығы
Бөрілер – ең белді, басты тайпа.
Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер.
Мәмлүктер – ақ құлдар
«Кундар, командар» - венгрлер қыпшақтарды атаған
«Половшылар» - орыстар қыпшақтарды атаған.
Негізгі оқиғалар:
VII - VIIIғғ.- қыпшақтардың этникалық құрамы құрылды.
XI - XIIIғғ.- Қыпшақ хандарының билігі күшейді.
XIғ.- Оғыз даласында Дешті Қыпшақ пайда болды.
XIIIғ.- Хорезм шахы мен қыпшақтар арасында шайқастар болды.
«Жаңа сабақты бекіту кезеңі». Ал, енді балалар, жаңа сабағымызды бекіту үшін
«Тарих дөңгелегі» ойынын ойнайық.«Тарих дөңгелегі» төрт бөлікке бөлінген.
1. Тұлғалар бөлімі: тарихи тұлғаны табуға арналаған сұрақтар.
2. Түсіндір бөлігі: оқиға мәнін, себебін анықтауға арналған сұрақтар
3. Қанатты сөздер бөлігі: бір тарихи тұлғаның қанатты сөзі жасырылған.
4. Даталар бөлігі: дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ жасырылған.
№1 «Тұлғалар бөлігінде»
1. 1133 ж. Қыпшақтарды басып алған Хорезм шахы.....(Атсыз)
2. 1195 ж. Сығанақты басқарған қыпшақ ханы......(Қадыр Буке)
3. XIII ғ. Сығанақты басып алған Хорезм шахы...(Мұхаммед)
4. 1216 ж. Хорезм шахы Мұхаммед қыпшақтарға қарсы жорық кезінде Торғай даласында монғолдарға соқтығысқанда Монғол басшысы кім еді?
№2. Түсіндір бөлігі.
1. Атлах шайқасы.
2. Оғыздардың қоғамдық құрылысы.
3. Соғдылардың Жетісуге қоныс аударуы.
№3 «Қанатты сөздер»
1. «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды, тоғыз - оғыздарға құл болды...»(Әл - Марвази)
2. «Ондағы(оғыздар мен қимақтар туралы) шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды...» (Әл - Идриси)
3. «IX - XIII ғ. өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғыс хан... әсерінен әлсіреді...» (Рашид ад - дин)
№4 «Даталар»
1. 960 ж.
2. 1201 ж.
3. 1125 ж.
4. 840 ж
IV. Оқулықпен жұмыс. Тақырып соңындағы тест тапсырмасын орындау.
V. Үйге тапсырма: §14, 62 - 67 беттер. Оқуға қосымша мәлімет іздеу.
VI. Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, үш топтың жинаған ұпайларына қарай хандары, батырлары, төлеңгіттері анықталды, бағалап баға қойылады.
Қыпшақ хандығы
- Нургуль-76
- 16 қаңтар 2013
- 11642
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қыпшақ хандығы, тарих, ойын сабақ, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуекел ханның кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан жақты түсінік беру...Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...Наймандар, керейлер, жалайырлар
Сабақтың тақырыбы: «Наймандар, керейіттер, жалайырлар»...“Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың тақырыбы: §12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы....Қыпшақ хандығы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна Сабақтың мақсаты: Қыпшақ хандығы туралы ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.