Сайтқа кіру Тіркелу

Төлеп батырдың таңбалы тұғыртасы – елдігіміздің табанды кепілі

Төлеп батырдың таңбалы тұғыртасы – елдігіміздің табанды кепілі

Ертөлеп батыр – Маңғыстау жұртының және қазақ халқының аса құрметті азаматтарының бірі. Төлеп жайлы аңыздар мен әңгімелер күні бүгінгі күнге дейін сақталған, кейбір деректерде ол жауға қарсы шабуый беретін жаужүрек батыр емес, соғыс барысында шебер тактикаларымен көзге түсіп, жеңіске жеткен ақылды әрі ержүрек тұлға ретінде сипатталады. 1754 - 1834 (1835) жылдары Тұщыбекте өмір сүріп, жастық және ересек шағында халықтың мүддесі үшін қажырлы еңбек етіп, халқына нәубет жылдарында көмек көрсетіп, кіші жүз рулары арасында үлкен бедел мен құрметке ие болды. Оның кіші жүз руларының басын қосып, жасақ құрып, күрмеулі мәселелерді шешіп, оның әскери қимыл мен өнерін дамытқан тұғырлы да Таңбалы Тұғыртасы - даналық пен батырлықтың символы.

Төлеп батырдың таңбалы тұғыртасы – елдігіміздің табанды кепілі

Бүгінде батырдың киелі де қасиетті, сырға толы тұғыртасы бар киелі орны жайлы республика жұртшылдығы біле бермейді. Oның тарихын былай қоя бергенде, орынның өзі жойылып кету қаупінде, тіпті кітапханалар мен әлеуметтік желілерден де дерек көздері кездеспейді. Бұл үрдіс тұлғаның өнегелі ерліктеріне берілген лайық емес баға екені анық дей отыра ғылыми зерттеу жұмысымызда батырдың қилы тағдыры мен тағылымды ғұмыры, сондай - ақ басты нышанымыз Таңбалы тұғыртас жайында біліп қана қоймай, елімізге тың әрі тарихи жаңалық болуына орасан үлес қостық дер едім.
Әуелі басынан шолу жасайық: Ұзақ жылдар ғұмырында Төлеп батыр ірілі - уақты 80 - нен аса шайқастарды басынан өткерген, 50 рет жекпе - жекке шыққан, бәрінде жеңіске жеткен. Адай елінің белгілі батырларының арасынан қаншама қырғындарға араласса да жау оғына ұрынбай, қарттық өліммен өлген саналы батырлардың бірі.
Жалпы зерттеу нысанын зерттеу қиында күрделі үрдістерлен тұрды деп айтсақ артық айтпағанымыз болар. Себебі, жоғарыда атап өткенімдей аталмыш тарихи орын туралы дерек көздер жоқтың қасы. Жобамызға негіз болған материалдар практикалық бөліміміздің қалыптасуына негіз болды. Атап айтар болсақ, облыстық кітапханада құнды мәліметтерге кезіктік. Саны аз болуы мүмкін, алайда маңызы зор Төлепбатырдың қилы өмірі мен тағылымды тарихы туралы және таңбалы тасқа жасалған ұрпақтарының мақалаларына да қол жеткізе алдық. Одан кейін ұрпақтары Мұрат ағай және Болатжан ағаймен сұхбаттастық. Сұхбат барысында батырдың жауынгерлік шеберлігі, әскери жаттықтыру әдістерін былай қоя бергенде оның ұйымдастыру қасиетттері, саяси сауаттылығы және отанға деген адалдық қаситеттері кеңінен айтылды. Сырлы сұхбатымызды Жанбибі Дуйсенбаевамен кездескен басқосуымызда толықтырды оның мақалаларында батырдың тұғырлы жеңістерімен қоса халықтың игілігіне арнап қазылған құдықтары да болғандығы жазылған. Жоғарыдағы деректерге сүйене отырып, батырдың әмбебап кісі болғандығына анық көзіміз жетті.
Осы аталған әрбір зерттеуіміздің түйіні таңбалы тұғыртасқа келіп тірелді. Себебі 80 - нен аса көтерілісті ұйымдастырған тарихи орын ешқашан өзінің маңызын жоғалтпаған. Тіпті араға ғасырлар салып, біздің де дәл осы орынға табан тіреуіміз жәй емесі анық... Себебі, ақжүрек Ер Төлеп батырдың таңбалы тұғыр тасы – біздің маңғаз Маңғыстауымыздың мақтанышы, қадірі мен қасиеті қанша ұрпаққа қазына болып келе жатқан құндылық, ал сондай тарихи орынның қараусыз және қоқыстың орасына айналуға шақ тұрғаны көңілімізге өкініш ұялатып, сары уайымға салдыруда.

Көптеген тарихи оқиғаларға негіз болып, алыстан менмұндалап тұратын бұл орын үлкен академиялық зерттеу мен мемлекеттік қолдауды күтіп - ақ тұр. Осылайша ХІХ ғасырдың басы мен ортасындағы Маңғыстау жеріндегі әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық атқарған қызметтері айқындалатын, ең алғашқылардың бірі болып маңызы құрылтайдан кем түспейтін, кіші жүз руларының басын қосып, ел тағдырын шешетін жаппай жиын өткізілген орынның әлі де бар екені туралы еліміздің Отан тарихына қосу мақсатым алдағы уақытта іс жүзінде көрініс табады деп сенемін.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«Қызылтөбе лицейінің»10 - сынып оқушысы
Бахыт Дильназ, тарих пәні мұғалімі Алданазарова Зәуреш
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұщыбектегі терең сыр...

Тұщыбектегі терең сыр...

Маңғыстау - тарихи құндылықтар мекені. Олай дейтініміз, өңірде ата - бабаларымыз тұрғызған, өмір сүрген орындар айтарлықтай көп. Мұндай орындарға...
Әмірің қатты Есім хан

Әмірің қатты Есім хан

Әмірің қатты Есім хан, Бүлік салып бұйырдың, Басын бер деп батырдың, Қанын ішіп қанбаққа, Жанын отқа салмаққа....
Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы

Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы

Мақсаты: Қабанбай батыр туралы, оның ерлігі жайлы түсінік алып, ой - өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, картадан жер, өзен - көл атауларын табу...
Өтеген батыр

Өтеген батыр

Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан....
Жасыбай батыр

Жасыбай батыр

Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×