Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үй

ҰМЖ бөлімі: ІV тарау.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Оқушылар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасы аясында өткізілген көшпелілердің баспанасы киіз үй тарихы, отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылық жайында біледі.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Киіз үй, оның бөліктері жайында біледі.
Көптеген оқушылар: Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты біледі.
Кейбір оқушылар: Көшпелілердің баспанасы, Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты жайында зерттеп шығармашылық жұмыспен айналысады.
Тілдік мақсат: Негізгі сөздер мен тіркестер:
Киіз - өте қарапайым әрі тұруға қолайлы баспана.
Тебіндік жайылым - жылқы малының қарды теуіп, оны тебіндеп аршып жеуі айтады.
Төрт түлік мал - жылқы, түйе, қой мен сиыр.
Бағалау критерийлері:  Көшпелілердің баспанасы жайында біледі,
 Киіз үй, оның бөліктеріне сипаттама бере алады,
 Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты біледі.
Құндылықтарды дарыту: «Мәңгілік ел» құндылықтары: Көшпелілердің баспанасы пайда болуы, отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты жайында әңгімелеу. Оқушыларды ынтымақтастыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: География (Картаны пайдаланып көрсетемін. Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек қолайлы болды)
АКТ қолдану дағдылары: АКТ пайдаланып қосымша материалдарды сабақта пайдаланамын.
Бастапқы білім: Темір дәуірі, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы жайында біледі.

Сабақтың басы: 7 минут І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар шапалақ (көңіл күйіміз көтеріңкі болсын десек - 1рет, сабақта жақсы нәтижеге қол жеткіземін десеңдер - 2рет, сабақта ынтымақ пен белсенділік танытамын десек - 3 рет) ұру арқылы бір - біріне жағымды ахуал қалыптастырады.

ІІ. Топқа бөлу. Киіз үй бөліктері: кереге, уық, шаңырақ арқылы бөлемін
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Мен не білемін» әдісі.
КЕРЕГЕ тобы - Темір дәуіріне сипаттама береді,
УЫҚ тобы - Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы жайында,
ШАҢЫРАҚ тобы - Тебіндік жайылым
туралы түйінді ойларын айтады.
Үй тапсырмасын бекіту. «Әріптер сөйлейді» әдісі санмен берілген әріптердегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы: 8 - 30 минут
Жаңа сабақ: КИІЗ ҮЙ
«Мәтінмен жұмыс» Әр топқа мәтінді бөліп беремін.
1. Көшпелілердің баспанасы
2. Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылық.
Мәтінді оқып өздерінің түйінді ойларын айтады.

АКТ пайдаланып киіз үй жайында видеоролик көрсетемін.

Тестпен жұмыс
1. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі
а) б. з. б. 4 мыңжылдық ә) б. з. б. 5 - 3 мыңжылдық б) б. з. б. 1мыңжылдықтың соңы в) б. з. б. VІІІ ғасыр
2. Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлік
а) уық ә) кереге б) шаңырақ в) ағаш қаңқасы
3. Көшпелілік мәдениет қай дәуірде қалыптасты
а) неолитте ә) мезолитте б) энеолитте в) ерте темір дәуірінде

Сабақтың соңы: 31 - 40 минут
Бекіту:
«Егер мен......» әдісін
1. Егер мен Астана қаласының бас сәулетшісі болсам...........
2. Егер мен Шаруашылық министрі болсам........
3. Егер мен қолөнерші болсам........

Бағалау. (Ұлттық аспаптар арқылы бағалаймын. )
Үй тапсырма беру.
$26. Киіз үй
Рефлексия: Бүгінгі сабақта не ұтымды болды?
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич

Киіз үй. жүктеу
Киіз үй. слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×