Ашық сабақ: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
Тәрбиелілік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: топқа бөлу, баяндау, сұрақ – жауап, СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, бас бармақ, күту ағашы, бағдаршам, екі жұлдыз - бір тілек, кластер, бірлік.
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, суреттер, карта, арнайы суреттер бар карточкалар, проектор топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика
Көрнекілік: слайд
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады».
• Студенттердің сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру
• Аудиторияның сабаққа дайындығын байқау
ІI. Үй тапсырмасы.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- қазақ халқының құрылуынан бұрын қазақ халқы қай елдің құрамында өмір сүрген?
- қазақ халқының этникалық құрамы
- Қазақ хандығының құрылуы
Оқушылар тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі. Оқушыларды топтарға бөлу.
1топ. «Хандар»
2топ. «Билер»
3топ. «Батырлар»
Қазақ хандығының құрылуының себептері (қысқаша түсіндіру)
• біріншіден
Керей мен Жәнібек сұлтандардың
Қазақ хандығын құруға ұмтылуы
• Екіншіден
Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі
• Үшіншіден:
Алым - салықтың көбеюі
• Төртіншіден:
Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы
ІҮ. Сабақты бекіту
Венн диаграммасы
«Хандар» тобы – Керей мен Жәнібекті Н. Назарбаевпен
салыстырады
«Батырлар» тобы – Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен
салыстырады
«Билер» тобы – Қазақ хандығының аумағын ҚР
территориясымен салыстырады
Ү. Қорытындылау
“Сиқырлы торша”
10 20 30 40
10 20 30 40
Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Оларды бәрін
А) “тоқсан екі баулы қыпшақ”
В) “Алаш мыңы”
С) қазақтар
Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханын ата?
А) Жошы
В) Әбілхайыр
С) Есенбұға
Бетпақдаладағы Таңбалы Нұрада қандай шешім қабылданды?
А) Әбілхайырға қосыламыз
В) Жеке ел боламыз
С) Қытайға көшіп кетеміз
Қазақ хандығының негізін қалаушы тұлғалар
А) Керей мен Жәнібек
В) Әбілхайыр мен Есенбұға
С) Шыңғыс хан мен Қасым хан
Қазақ хандығы қай хандықтың тұсында күшейді?
А) Жәнібек
В) Керей
С) Қасым
Қазақ хандығының алғашқы территориясы
А) Жетісу, Шу алқабы
В) Сарыарқа
С) Солтүстік Қазақстан
«Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?
А) Бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар
В) Көшпелі мемлекет
С) ру, тайпа, халық, ұлт аты
Қазақ хандығының құрылған жылдары:
А) 1227 - 1228жж
В) 1465 - 1466жж
С) 1219 - 1220жж
Математикалық лото
4000/2 - 532=1468 жылы - Әбілқайыр хан қайтыс болды
728х2+10=1466 жылы - Қазақ хандығының құрылған жылы
3800/2+91=1991ж.- Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы
3. 2014+2015 - 2572= 1457 жыл (Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі)
4. 552+1206 — 293=1465 жыл (Қозыбасыда Қазақ хандығы құрылды)
5. 704+145+609=1458 жыл (Керей сұлтан хан сайланды)
6. 46*16+738=1474 жыл (Керей хан қайтыс болды)
Бағалау:
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу
Қазақ хандығының құрылуы
- dosym2008
- 20 желтоқсан 2017
- 3097
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ хандығы, тарихтан ашық сабақ, қазақ хандығының құрылу процесі
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ хандығы
Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу....Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;...Қазақ хандығына саяхат
Жалпы мақсаты 1. Оқушылар қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен жан - жақты танысады;...Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәрсенова Нәписа Ысқаққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.