Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы.
“П. Дутов атындағы орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен” КММ тарих пәнінің мұғалімі
Сакпаева Асель Амангельдиновна
7 сынып
Тақырыбы: Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
Тәрбиелік: болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынына байланысты, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етудің пайдасы туралы пікірлесу.
Сабақтың түрі: өнеге сағаты
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, венн диаграмма т. б.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа
Ұлы ғұламалар не деген?
«Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді» (Т. Футлер)
Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай - ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.
Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.
Ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді. Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.” тақырыбында өтеді.
Зиянды заттар
↓
Арақ, көкнар, апиын, бірлестірілген есірткілер, анаша, героин.
Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны” мен “пайдасы”
• Зияны
1. Темекі тартқан адамда қан қысымы жоғарылайды.
2. Қандағы май құрамы артады.
3. Өкпе рагы.
4. Жүрек ауруы.
5. Асқазан ауруы пайда болады.
6. Бұлар адамды аздырады.
7. Қылмысқа апарып соқтырады.
8. Қоғамға зиян келтіреді.
9. Бұл заттар әсерінен өлім көп болады.
• Пайдасы
Бұл заттардан зиянымен қатар пайдасы да зор. Қоғамға пайдасы көп.
2. Осы заттардың сатылуы арқылы еліміздің экономикасы дамып отыр.
3. Арақты тек мас болу үшін пайдаланбайды.
4. Жұмыссыздық жойылуға әсер етеді.
• Ортақ қасиеті
Ел экономикасының дамуына әсері
Темекінің ағзаға әсері
↓
Адам өмірі қысқарады
Жазылмайтын жара пайда болады
Қан тамырларын тырыстырады
Тыныс алу мүшелеріне зиян
Өкпесі ауырады
Алкогольдің ағзаға тигізетін әсері
↓
Тыныс алуы баяулайды
Жүректің соғысы әлсірейді
Жүйкеге әсер етеді
Ағзаның іс - қимылы өзгереді
Дененің жылуы төмендейді
Жағдаятты талдау
1. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал.
Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді. Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы
үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға болады?
2. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз - аздан үйреніп
жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?
3. Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады.
Сөйтіп ол...
Слайдты жүктеу
Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде
- aiboll
- 9 наурыз 2016
- 9256
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салауатты өмір салты, темекінің зияны, тәрбие сағаты, ішімдік туралы, адам ағзасы, денсаулық
Ұқсас жаңалықтар:
Есірткіден аулақ болайық, ағайын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп - лицейдің 7 - Б сынып оқушысы Ешмұратов Бекзат...Басты байлық -денсаулық
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының өзін - өзі тану мұғалімі Шарипбекова Айгуль Жунисалиевна...Салауаттылық - денсаулық кепілі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы, А. Иманов атындағы орта мектептің химия-биология пәнінің мұғалімі: Арзықұлова Ж....Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Нашақорлықа жол жоқ
Тақырыбы: Есірткі адамның қасы, аурудың басы Мақсаты: Білімділік - дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.