Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз - ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс - әрекеттерінен болған қалдықтардан өзін - өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес — өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп - өнген мекені. Сондықтан Табиғат - Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.
«Экологиялық тазалық – тіршіліктің көзі» демекші қоршаған ортаны қорғау – бәріміздің борышымыз.
Экология дегеніміз - тірі ағзалардың бір - бірімен қарым - қатынасын, олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
Әлемдегі ең қауіпті экологиялық мәселе - биосфераның ластануы. Ластану - жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі. Оған әсер ететіндер: ірі дауылдар, су тасқыны, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, өрт сияқты апаттар теңіз, мұхит суының көтерілуі, төмендеуі адамның іс - әрекеті.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми - техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын - шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырақ, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалар экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жатқызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
1 - оқушы:
Республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдайы қиын деп туған мекенді тастап қайсыбір ұлт, ұлыс өкілдері тәрізді басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ, не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күрес әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы - нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда.
2 - оқушы:
Жолаушы:
- О, Жер ана, неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған сенімен бірге бүкіл далам түнеріп тұр.
2 - оқушы:
Жер Ана:
— Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын. Қарашы мына далама, не болып жатыр? Нені көрмеді жерім де, елім де тозды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалап шалқақтаған шағалаларым қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің шаңы шығып, тілім - тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның қаңқасы қалды. Адамдардың көбісі ауруға шалдықты. О, адамзат! Не ойың бар?
3 - оқушы:
Ей, табиғат! Шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетесің, бересің.
Ұлан - ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің анау, жер міне,
Ау, адамдар жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
4 - оқушы:
Безіндіріп құмдағы, сордағы аңды.
Жер соқтырды,
Жылатты мәз даламды.
Қоғам азған, ел азған, Заман азған.
Бірақ жерім дәл бұлай азбағанды.
5 - оқушы:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін тер төгейік.
Ойды аяқта (мақал - мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)
1. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,.... (Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ)
2. Жер байлығы –.... (ел байлығы)
3. Туған жердей жер болмас... (Туған елдей ел болмас.)
4. Өз елінің тасын сыйламаған,... (Өзге елдің тауын да сыйламайды)
5. Күте білсең,.... (жер жомарт)
Жер тағдыры – Ел тағдыры
- ulzhan
- 17 ақпан 2016
- 17156
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жер тағдыры ел тағдыры, экологиялық мәселері
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары
Білімділік мақсаты: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру....Экологиялық проблемалар
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық...Табиғат - тіршілік көзі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Жоба: Мәдени сауықтыру орталығы
9 «А» сынып оқушысы Байзақов Нұртас Әбенұлы №10 орта мектебінің Ғылыми жетекшісі: Тасмұрзаева Шынар Нұрланқызы Жезқазған қаласы № 10 орта мектебі ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.