Тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Мақсаты: а) оқушыларға Отан, туған жер, қазақ елі, ұлттық құндылықтар мен салт - дәстүрлер, білім күні туралы жан - жақты мәлімет беру;
б) білімдерін, ой - өрістерін, таным - ұғымдарын дамыту, сөздік қорларын арттыру;
в) өз еліне деген мақтаныш, отансүйгіштік сезімдеріне тәрбиелеу;
түрі: мерекелік – танымдық сабақ
әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, дидактикалық
ойын, тренинг, әңгімелеу, көрнекілік, топтық тапсырмалар.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, жапсырма қағаздар, күн макеті,
Қазақстан картасы
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
І. Психологиялық даярлық: «Шаттық шеңбері».
ІІ. Әр түрлі түстерді таңдау арқылы топқа бөліну.
Мұғалім: Біздің Отанымыз - Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Дидактикалық ойын: «Сен Отаның туралы не білесің?» топтастыру жасау.
- Балалар, «Отан дегеніміз не?»( оқушылардың жауаптарын картаның айналасына жапсыру).
Табиғат
біз тұратын ел
атамекен
ауылым
Қазақстан
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар, Төл теңгеміз, Ата Заңымыз бар.
Слайд арқылы ел рәміздеріне, оның авторларына, төл теңгемізге, Ата Заңымызға, биылғы жылғы тарихи оқиғаларға тоқтала отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ Хандығының 550 жылдығы, т. с. с. мәліметтерге шолу жасау, түсіндіру.
ІІІ. «Білімдіні байқау» ойыны.
Екі топтағы оқушыларға түрлі суреттер таңдатып, артындағы сұрақтарға жауап беру:
• Біздің Отанымыз қалай аталады?
• Елбасы кім, атап бер?
• Астанамыз қай қала?
• Қандай мерекелерді білесің?
• 1 - қыркүйек қандай күн?
• Әнұранның авторы кім?
ІҮ. «Ата - анамызбен бірге ойнаймыз»- ата - аналармен бірлескен тапсырма:
1 - топтағы ата - аналарға «Қазақстан» сөзінен көп сөз шығару.
2 - топтағы ата - аналарға - сөзжұмбақ шешу.
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
Ү. «Отаныма арнаймын!»- оқушылардың өнер көрсетуі: Отан, туған жер туралы жаттаған тақпақтары мен әндерін орындау.
ҮІ. Бекіту:
ҮІІ. Қорытынды: «Атамекен» әнімен сабақты аяқтау.
Менің Отаным-Қазақстан
- mtm
- 5 қыркүйек 2015
- 6605
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты жоспары, менің Отаным Қазақстан, Отан жайлы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Отан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Кең - байтақ жеріміз, пайдалы қазбаларымыз жөнінде...Қазақстан - менің Отаным
Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік
4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.