Сайтқа кіру Тіркелу

Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!

Қостанай облысы, Қостанай қаласы,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
мектеп – интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы

Тақырыбы: «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!»
Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, карточкалар, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.

Барысы:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау. «Салауатты өмір салты» дегеніміз не?
ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелері.
• Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі
• Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
• Зиянды әдеттер бөлімшесі
IV. Пайдалы кеңестер бөлімшесі (Дәрігердің сөзі).
V. Қорытындылау.

Тәрбиеші сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!». Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» дей келе, қош келдіңіздер! Құрметті оқушылар сәттілік тілеймін сіздерге.
1 – жүргізуші:
Балалар бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.

2 – жүргізуші:
Енді маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсінесіздер? Осыған байланысты біз сіздерді 3 топқа бөліп отырмыз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізеді. Сонымен сайысымызды бастайық. Біз келген бірінші бөлім «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімі» деп аталады.

Сұрақтар тізімі:
1) Денсаулықты сақтауға үйрететін ғылым?
а) биология
б) валеология
в) анатомия
2) Оқушының орындығына қай жақтан жарық түсіп тұру керек?
а) арқасынан
б) оң жақтан
в) сол жақтан

3) Даладан терлеп келсеңіз, не істеу керек?
а) құрғақ киім кию керек.
б) аяқты суық суға салу керек.
в) желдеткішті қосып, денеңді құрғатып отыру керек.
4) 10 - 15 жастағы балалар тамыр соғуы қалыпты жағдайда қанша болуы керек?
а) 60 - 70 рет
б) 70 - 80 рет
в) 80 - 90 рет
5) Дене сымбатының бұзылуы неден болады?
а) ұзақ жүгіріс, жеткіліксіз демалыс
б) демалыс алудың ритмі бұзылуы
в) аз қозғалыс, бұлшық еттің әлсіздігі
6) Қандай ережелер көз ауыруын төмендетеді?
а) бір жетіде 6 рет 120 минуттан үзіліссіз жұмыс істеу.
б) көз үшін арнайы жаттығуды жұмыстың арасында 7 - 8 мин тан кейін жасау керек (1 мин)
в) төсекте ынғайлы жатып оқу

7) Фаст-фут тағамдардың қандай пайдасы бар?
а) пайдалы заттармен бай.
б) күні бойы қуаттандырады
в) асқазанды қорғайды.
Шын мәнісінде барлық осы жауаптар дұрыс емес. Азық - түліктер біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Бірінші кесірлі продукт - чипсы. Чипсыдың құрамында адам денсаулығына еш пайдасы жоқ қайта кері әсер етеді: канцероген, май, бояғыш заттар және дәмін үдеткіштері мол -
Фаст-фуд онкологиялық ауруға шалдығу, салмақ арттыру мәселелерімен салмақпен қорқытады.

8) Таңертеңгі ботқа немен пайдалы?
а) оянуға көмектеседі
б) күні бойы қуаттандырады
в) асқазанды қорғайды
9) Қандай бейнемен сендердің бойларыңа Д дәруемені түседі?
а) жеміс, жидек жегенде
б ) сиырдың етін жегенде
в) күнде қыдыра

10) «Кір қол» қай ауруға келтіреді?
а) грипп
б) асқазан ауруы
в) гепатит
2 - жүргізуші:
Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл - ой немесе құрал - жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл - ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады.
1) Шахматтың тақтасында неше тор бар?
а) 64
б) 78
в) 68

2) Лондон Олимпиадасында 2012 жылы қандай спорт түрінен әйелдер бірінші рет қатысуға рұқсат алды?
а) күрес
б) бокс
в) гандбол

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×