Сайтқа кіру Тіркелу

Біз әдепті боламыз

Тақырыбы: Біз әдепті боламыз!
Мақсаты:
білімділігі: оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйрету.
дамытушылығы: шыншылдыққа, инабаттылыққа, ата - анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.
тәрбиелігі: оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітаптар, суреттер, шарлар.

Мақал - мәтелдер: 1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2. Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені
Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі.

Нақыл сөздер: 1. «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте»
2. «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес.»
Барысы

І. Ұйымдастыру

Кіріспе:
Мұғалім: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар жадыраған жас достар! «Біз әдепті боламыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақ халқы ерте кезден – ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Әдептілік деп - үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ, алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Халқымыз өз ұрпағын «Әдептілік ар - ұят – адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат -
Надандықтың белгісі»- деп әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қадағалаған.
Ал қазір адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.

ІІ. Әдеби монтаж

1 - оқушы:
Етек кетер салақтап,
Бос жүріспен далақтап.
Ұқыптап сабақ ұқпайды,
Өз бетімен алақтап.

2 - оқушы:
Ілгек, түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрынып,
Құспен, малмен жарысар.

3 - оқушы:
Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей ақыл сөзіне
Мұғаліммен таласар,
Дәлел тауып өзіне.

4 - оқушы:
Дәптер, сөмке – бәрі де,
Дал - дал болып жыртылған.
Сия төгіп бәріне,
Шимай салған сыртынан.

5 - оқушы:
Кеше ғана қадалған,
Өміртайдың түймесі.
Орнында жоқ япырмай,
Қайда кеткен бұл несі.

6 - оқушы:
Тазаланып тұру керек,
Ерте мен кеш жас бала.
Кір - кір болу елден ерек,
Мүлдем ұят, мүлдем ұят масқара.

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»
III. Жыр шумағынан үзінді
«Адам болам десеңіз» - Аида 2« А» кл
IV. Мақал - мәтелдер.
V. Сұрақ - жауап. «Ізгілік, әдептілік, адамгершілік»
VI. Көрініс. «Көліктегі тәртіп»

Ән «Бала тілегі» - Бекзат 2 «А» кл
7 - оқушы:
Қайыр күтпе баладан,
Өз мысығын сабаған.
Кім алдаса анасын,
Оған қалай нанарсың.

8 - оқушы:
Екі болса алғаны -
Бала ұята қалғаны,
Ойнап жүріп жыласа -
Орынды емес бұл аса.
Добын қимас ойнауға,
Ұят сараң болғанда.

9 - оқушы:
Бәрі жақсы баланың
Беске оқитын сабағын.
Азаматтық оны де,
Ойнатса кім інісін -
Мақұлдайын мұнысын.

10 - оқушы:
Өзі түйме қадаса -
Мұндай бала тамаша.
Барын берсе қолдағы -
Бала жомарт болғаны.

11 - оқушы:
Кішілерге қамқор бол,
Сүйкімді бала атанып.
Сүйсінткің келсе кісіні -
Жіберме үлкен қателік.

12 - оқушы:
Жәбірлей көрме кішіні
Келеді сәби көшеде,
Итеріп оны қалма сен!
Кіші де өсер ер жетіп,
Үлкендік оған қылма сен!

VII. Қазақтың ырымдары
Ән «Ізеттілік әліппесі»
Би «Бипыл» Бір топ қыздар.

13 - оқушы:
Әдептілік деп – үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы
адамдарды құрметтеуді айтамыз.

14 - оқушы:
Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі,
қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, ұқыптылық,
жауапкершілік.

15 - оқушы:
Инабатты, биязы мінезді қарапайым, қамқоршы адамдарды халық
нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Сыпайы болу дегеніміз - әдеп
сақтау, әдептілік үлгісін, мәдениеттілігін көрсету.

16 - оқушы:
Әдеп сақтау - әдептілік, яғни мінез - құлық пен адамгершілік
қарым - қатынастың қалыптасуын, эстетикалық ережесін
бұлжытпай орындау. Әдептілік бұзылса, халық дәстүрі де
бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді.

17 - оқушы:
Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым,
құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді.

Хор «Не деу керек?»
VIII. Топтық жұмыс
(проблемалық жағдаяттар)

IX. Қорытынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×