Сайтқа кіру Тіркелу

ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық ойын)

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Жаңақала ауылы, №3 ЖОББҚМ
Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы

ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық ойын).

Тақырыбы: «Ана тілі – сөздің пірі»
Мақсаты: қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ақыл - ойын, сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: ақын - жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, интерактивті тақта, слайдпен жұмыс.
Барысы:
Ұйымдастыру.

І жүргізуші: Сүйемін туған тілім - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

ІІ жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы.
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін.
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

І жүргізуші: Республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі құрметіне арналған
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы негізінде «Ана тілі – сөздің пірі» атты сайысымызды бастаймыз.(Сайысқа 6 оқушы қатысады. Сайыс алты кезеңнен тұрады)

ІІ жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
( Қазылар алқасымен таныстыру)

І жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер.
Дос көңілден, адал, аппақ ниеттен.
(Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады)

І кезең: «Бәйге»
Жауап нақты, тез болуы керек. Бағалануы 10 ұпай.
Сұрақтар
1) Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келді? (1894ж)
2) «Абай жолы» романын кім жазды? (М. Әуезов)
3) 2011 жыл қай ақынның туғанына 100 жыл? (Қ. Аманжолов)
4) Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек)
5) Батыр сөзінің антонимі? (Қорқақ)
6) Абайдың немере ақын інісі кім? (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
7) Әз Жәнібек ханның «Дүниеде не өлмейді»? деген сұрағына «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп жауап берген шешен кім? (Жиренше шешен)
8) Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ыбырай Алтынсарин)
9) Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім, - деп айтқан қай ақын? (Махамбет Өтемісұлы)
10) «Қамбар батыр» жырындағы Қамбардың сүйген жарының аты кім? (Назым)
11) Дауысты дыбыс нешеу? (12)
12) Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не?)
13) Абайдың ақын ұлы кім? (Мағауия)
14) Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
15) 1904 жылы Абаймен бірге отбасынан кімдер қайтыс болды? (Мағауия, Ақылбай)
16) «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін кім жазды? (Ыбырай Алтынсарин)
17) «Қазақ солдаты» романын кім жазды? (Ғабит Мүсірепов)
18) «Менің атым Қожа» хикаятын кім жазды? (Бердібек Соқпақбаев)

ІІ жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, Ғабит Мүсірепов айтқандай «Батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын бізге жеткізуде»

І жүргізуші:
Тілім менің!
Осы тілде шежірем, жырым менің!
Асан қайғы арманы,
Қорқыт күйі –
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің!
Тілім менің!
Жауға айбарым, ұраным, туым менің!
Найзасымен тең ұстап осы тілді,
Намысымды қорғады Сырым менің!
Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны,
Қызыл тіл жол бастады, қол бастады.
Даланың өз дауысы деп түсінем.
Шалкиіз, Асан қайғы, Марқасқаны.
Қолыңды отты толқын тулататын,
Ғасырлар қатпарынан үн қататын,
Қазақтың ар намысы, жан дауысы -
Қазтуған, Махамбет пен Дулат ақын.

ІІ жүргізуші: Қазақ тілі - шексіз бай, өте көркем тіл. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін - келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Ендеше, сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×