Сайтқа кіру Тіркелу

Ана тілім - қанатым

Сабақ тақырыбы: Ана тілім - қанатым
Мақсаты: Оқушыларға тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіл туралы түсінік беру.
Міндеттері: 1. Оқушыларға қазақ тілінің қадір - қасиетін түсіндіру.
2. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін құрмет, қасиеттерін арттыру.
3. Оқушылардың ой өрісін дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, сөйлеу икемділігі мен дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: Ұлағатты сөздер, жазушылардың портреті.
Барысы: I Ұйымдастыру
II Кіріспе сөз
Саламатсыздар ма? Құрметті ұстаздар мен қонақтар және оқушылар бүгінгі «Ана тілім – қанатым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Мұғалім: Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл – адам жанының тілмашы, тілі кем болса адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен берілді. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.
Тәлім - тәрбие тілден басталады.
Олай болса, тіл - бөбектің үні, тіл – ананың әлдиі, тіл – бесік жыры. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі – ар өлшемі. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
1 - оқушы: Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
2 - оқушы:- Елім деп тек, алып соққан жүрегі
Ахметтей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
. Ғұламаның есімін кім біледі?(Оқушылар хормен Қ. Жұбанов)
3 - оқушы: Ананың тілінде ұлылық
Баланың тілінде жылылық
Сорланар өз тілін білмеген
Қор болар ойы да былығып
4 - оқушы:- Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім ойланбай табасың ба? (Ахмет Байтұрсынов)
5 - оқушы: Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,
Өйткені атаң менен анаң сүйген.
Ал мұны біліп қана қойсаң күнә,
Мұрат ет жалғастырып балаң сүйген
Ән: « Анамның тілі - анамның үні»
6 - оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам
Мемлекеттік тілімізді сыйласаң
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
7 - оқушы: Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәнгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
8 - оқушы: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім менде бірге өсемін
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
9 - оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Тіл туралы заңың енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Аружан: Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр,- келесі кезекте
«Мақал – мәтелдер айтысына» берейік.
Индира, Андрей, Исатай, Қарсақбай Диас
10 - оқушы: Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
11 - оқушы: Тіл дегенім түсінікті құралы
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та, бірлік, достық, береке,
Бәрі - бәрі осы ұғымға сияды.
12 - оқушы: Қазақ тілім саялаған гүл бағым
Қазақ тілім - ана тілім ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
«Қос тіл - қос қанатың» екі тілде бірдей сөйлейік.
полуостров - түбек шелк - жібек знай - біл язык - тіл
виноград - жүзім список - тізім критика - сын шерсть - жүн
характер - мінез быстро - тез приходи - кел ветер - жел
смех - күлкі лиса - түлкі серый - сұр встань - тұр
13 - оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
14 - оқушы: Ақыл ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Көрініс: «Сөз қадірі»
Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына:
- Балам мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле,- дейді әкесі. Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылса да, таба алмайды. Ойы сан саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала: Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз айтыңызшы.
Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы - тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына байлық жоқ.
15 - оқушы: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін түбінде
16 - оқушы: Тәрбие – анамның тілінде
Әр жүйе - саналы білімде
Адалдық - киелі дінімде,
Адамдар - жүйелі білімде
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....
Ана тілім – ардағым

Ана тілім – ардағым

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр...
Ана тілім – тірлігімнің айғағы

Ана тілім – тірлігімнің айғағы

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу....
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×