Салауаттылық – саулық негізі
Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып денсаулықтарын сақтауға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу; шығармашылық, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып жеке тұлға қалыптастыру.
Барысы
Жүргізуші: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Салауаттылық – саулық негізі», ал мақсатымыз – салауатты өмір салтын қалыптастыру, салауатты өмір сүру.
Салауатты өмір сүру дегеніміз – дұрыс тамақтану, жеке бастың гигиенасын сақтау, шынығу, зиянды әдеттерден аулақ болу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, т. б.
Жүргізуші: Маған осы сабақ өтеді дегеннен көптеген елді мекендерден әр түрлі хаттар келіп түсті, соның бірін сендерге оқып берейін және бірге талқылайық.
«Солай болған» бөлімі
Өле алмай жүрген сырқатпын,
Шіріген картоп сияқты
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
Жұмбақ кейіпкердің хатын оқи отырып балалармен ой бөлісу.
Сұрақ
1. Жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?
2. Сен жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?
3. Қазір оған қандай ақыл - кеңес берген дұрыс деп ойлайсың?
4. Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?
5. Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?
Жүргізуші: Міне, балалар, осындай жағдайларға тап болмас үшін ата - ананың ақыл - кеңесін тыңдап жаман әдеттерден аулақ болғанымыз жөн.
«Пікірлесейік» бөлімі
1 - жағдаят. Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің, қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.
2 - жағдаят. Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауыратынын білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?
3 - жағдаят. Сен ағаңмен өте татусың. Бір күні ағаңның жанқалтасынан бір қорап темекі тауып алдың. Ол әке - шешеңе айтпауыңды өтінді. Сенің әрекетің.
Оқушылардың ой пікірін тыңдау.
«Мақал – сөздің мәйегі» бөлімі
1. Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
2. Жарлының байлығы – денінің саулығы.
3. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде.
4. Ауру астан, дау қарындастан.
5. Ауруын жасырған өледі.
6. Дені сау адам – дәулетті адам.
7. Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый.
8. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
9. Ауруы жоқтың бағы бар.
10. Шайнамай жұтқан ауырмай өледі.
11. Денсаулығың сай болса, көңілің жай болар.
12. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
Мақал – мәтелдің мағынасын ұғыну.
«Дәрігерлік кеңес» бөлімі
Дәрігер болып киініп шыққан оқушы кестені пайдалана отырып салауатты өмір сүру салтымен таныстырады.
Салауатты өмір салтының ұстанымдары:
- Жеке бас гигиенасын сақтау
- Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру
- Дұрыс тамақтану
- Зиянды әдеттерден аулақ болу
- Спортпен шұғылдану
- Қоршаған ортаның тазалығы
- Жанжал мен кикілжіңді болдырмау
- Тиімді тамақтану
«Шығармашылық» бөлім
Суреттерге қарап әңгіме құрау.
«Есептейік» бөлімі
Отбасындағы экономикалық шығынды есептеу.
1 күнде – 1 қорап темекі (70 теңге)
1 жылда –? Жауабы: 365*70=25550
Қорытындылау.
Денсаулықтың достары/ денсаулықтың жаулары
Жүргізуші: Балалар, бүгін қандай тақырыпта ой қозғадық?
Нені жадымызда сақтауға тиіспіз?
Қандай азамат болып өсуіміз керек?
XXІ ғасырда, ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Отбасыларыңыз қуанышқа толсын,
Өмірлеріңіз салауатты болсын!
Салауаттылық - саулық негізі
- Бисенгалиева Айнур Сагымбаевна
- 20 ақпан 2015
- 5459
- 0
- 0
Ілмек сөздер: салауаттылық саулық негізі атты сабақ өзін өзі тану пәінен
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да...Салауаттылық - денсаулық кепілі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы, А. Иманов атындағы орта мектептің химия-биология пәнінің мұғалімі: Арзықұлова Ж....«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Баяандама: Мектептегі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»...Елімнің болашағы - салауатты отбасы
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нуксарина Альмира Кабдуалиевна...Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.