Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілді 8-наурыз

Сабақтың тақырыбы: Көңілді мереке 8 - наурыз
Мақсаты: аналарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу;
Аналар үшін мерекелік көңіл күй тудыру, қуаныш сыйлау;
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Ата - аналарды, қонақтарды қарсы алу;
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау,
ІІ. Негізгі бөлім
Сахнаға Бота жылап кіреді.
- Неге жылайсың, балақай?
- Анамнан адасып қалдым.
- Анаң қайда кетіп еді?
- Дүкен аралап кеткен.
- Жарайды, жылама енді. Екеуміз бірге іздейміз. Табамыз қазір. Сенің атың кім өзі?
- Бота.
- Қандай әдемі есім. Бота десе дегендей екенсің, көздерің ботаның көздеріндей жаудырап тұр екен.
- Анаң қандай адам еді?
- Менің анам дүниедегі ең жақсы адам.
- Онда жақсы. Қазір екеуміз осы арадағы жандардың арасынан ең жақсы адамды іздеп табайық.
- жарайды.

Адамдардың арасынан көзімен анасын іздеп табады да:
- Анашым! Әне менің анам! Ол ешкімге де ұқсамайды сұлу, әдемі әрі ең жақсы адам - деп анасын ортаға ертіп шығады.
- Анашым, енді ешқайда кетпеңізші. Мен сізге ән салып беремін.

Ән «Ана»
- Балалар, Бота анасын ең жақсы адам деп жатыр. Сендердің аналарың қандай? «Ең...»
- ең сұлу, ең ақылды, ең қайырымды, ең парасатты, ең әдемі, ең байсалды, ең инабатты, ең қамқор, ең білімді, ең кееремет...
- Ендеше ең ізгі жандарға арналған «Көңілді 8 - наурыз» мерекелік концертімізді бастаймыз!

Аян:
Мейіріміңнен нәр алдым
Күн нұрынан жаралған.
Аяулысы адамның,
Жақын кім бар анаңнан.
Ислам:
Еркелеткен жаным деп,
Ардақтым да асылым,
Қастерлеймін қадірлеп,
Әрбір талын шашыңның.

Аян:
Аялаған анамыз,
Саялаған панамыз.
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз.
Мирас
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ақнұр:
Шешем менің жақсы ана
Маған ақыл айтады.
Базарға да бақшаға
Өзі апарып қайтады.

Мұғалім:
- Бүгінгі мерекеміз барлық аналарға, қыздарға, әжелерге арналмақ қой. Ендеше айтыңыздаршы: Сергіту
- Біздің мектепте Қанша қыз бала бар? (22)
- Біздің класта қанша қыз бар? (3)
- Біздің класта қанша ана бар? (7)
- Біздің кластың балаларының әжелерінің есімдері кім?
- Мектепте қанша әйел мұғалім жұмыс жасайды? (16)
- Біздің мектепте неше Ақнұр, неше Бота, неше Дильмира, неше Гүлдана бар?
- Барлығы қанша болды?

Мұғалім:
- Бірде Жиренше шешен көшеде келе жатқан бір баладан «Ең тәтті не?» «Ең жұмсақ не?» деп сұраған екен? Сонда балалар не деп жауап беріп еді естеріңізге түсіріңдерші?
- Ең тәтті ананың сүті, ең жұмсақ ананың алақаны дегендей сіздермен «Ананың аялы алақаны» деген ойын ойнаймыз. қазір сіздер көздеріңізді байлап аналарыңның қолын сипап жүріп тауып алуларыңыз керек.

Ән «Мереке күніңмен!» орындайтын Қанапия Аян және қалған оқушылар вальс билейді.

Дильмира
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай - жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Бота
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың,
Қарайтыным қас - қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым.

Қойылым «Жалқаубектің жауабы»

Ақнұр:
- Сабақ жүріп жатыр
Сынып тына қалған
Оқушылар тұрып жатыр,
Мұғалім сынақ алған.

Жалқаубек мүлгіп отыр
Көзін жұмып, бір ашып.
Басын шұлғып отыр
Тәтті ұйқыға ұласып.

Мұғалім шыдасын қашанғы
Ескерту жасады:

Дильмира:
- Қарағым, қалғыма,
Қарап отыр алдыңа.

Ақнұр:
Жалқаубек көзін ашып алды да,
Қалғып кетті тағы да.

Мұғалім:
- Тұр!
Ұят екен бұл!
Турасына келсек дәптерің қайда көрсет?

Жалқаубек:
- Сыныпта қалып кетті,
Біреулер алып кетті.

Мұғалім:
- одан да жазғаным,
Десеңші жазбадым.

Жалқаубек:
Жоқ апай, жазғам,
Кеше құдық қазғам,
Сонда түсіріп алдым,
Парағын ұшырып алдым.

Мұғалім:
Болмаса оқығаныңды айт,
Көңілге тоқығаныңды айт!

Жалқаубек:
Апай оқымадым,
Үйде отырмадым.

Мұғалім:
ЕЕ қайда болдың?
Не ойладың?

Жалқаубек:
Сайда болдым
Доп ойнадым.

Мұғалім:
Кешкілік не істедің?

Жалқаубек:
Асық ойнайтын жер тегістедім.
Енді түре келіп.
Үйге кіре біреп,
Табалдырықтан құлап түстім,
Ұзынымнан сұлап түстім.

Мұғалім
Кітап бетін аштың ба?

Жалқаубек:
Иә көрпенің астында.
Біраз қарап,
Парағын санап,
Басым ісіп кетті,
Денем ысып кетті.
Сабақты оқи алмадым.
Оқығанмен миыма тоқи алмадым.
Сөйтіп, көңілім ала болды,
Ұйқым шала болды.

Мұғалім:
Ұйқымен өтсе өмірің,
Құрметтейді сені кім?
Оқымаған адам -
Топас, надан.
Онда саған
Тиісті бағаң:
- Жаман!

«Апам үшін» әнін орындату Мади, Ислам, Ақнұр

Апам үшін күнде де
Отынға ағаш жарамын
Су құямын гүлге де
Дүкенге де барамын.

Жоқтатпаймын әпкеді
Берем шайын қайнатып
Жылай қалса бөпемді
Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй ішін
Жуа аяқ табақты
Апам бірақ мен үшін
Оқымайды сабақты.

Ойын «балалық шақты еске түсіру». Аналарымыз да бір сәт өзінің бала күндерін еске түсірісін.
Балаларға 1 стакан шай мен қасық береді. Балалар қасықпен аналарына шай береді. Кім жылдам?
Балалар шығармашылығы.
Мұғалім: кезекті балалар шығармашылығына береміз. «Бұл кім?» деген ойын ойнамақшымыз. Балалардың салған портреті мен жазған шығармаларынан әр ана өздерін тануы тиіс.
Мади. Менің мамам сабағымды өте қатты қадағалайды. Ол өте мейірімді. Ол көзәйнек кисе де әдемі көрінеді. Оның әр тамағын сүйсініп жеймін.
Ақнұр: менің анам көп баланың анасы. Бірақ ол бар баласына қарап үлгіредіөйткені оның қимылы ширақ, ал біз анамызға ұқсамағанбыз. Үстімізді таза ұстап жүруімізді, сабақ оқуымызды тіпті үй ішінің тазалығын да қарап үлгереді.
Мирас. менің анам әдемі киініп жүреді. Ол мейірімді. Ол жұмыс жасайды, бірақ жұмыстан келген соң үлгеріп менің сабағымды қадағалайды. Үй шаруасына да үлгереді.
Бота. Менің анам орта бойлы, аққұба өңді, жарқын мінезді. Мен анам пісірген борщ пен күрішті жақсы көремін. Мен оған үй тірлігіне көмектесемін. Ол мені «құлыным» деп еркелетеді.
Ислам. Менің анам қараторы, орта бойлы. Менің мамам жұмыс жасайды. Менің сабағымды қарайды және теледидардан сериалдар қарайды. Ол 7 жарымда Хабар, 9 - да Сырғалым 12 жарымда келін қарайды.

Дильмира: менің анам мейірімді, сұлу. Оның қолынан әр түрлі салаттар мен тағамдар дайындау келеді. Мен оған үй жинап, ыдыс жууға көмектесемін. Ол менттер жайлы кино қарағанды ұнатады.

Аян: ол ұзын бойлы, аққұба өңді, көңілді, мейірімді, ән салғанды ұнатады. Қазір анам үйдегі барлық шаруаны атқарады. Үй жинау, кір жуу, мал қарау, су әкелу. Өскен соң мен анама қолғанат боламын.

Оқушылар кезектесе: Анашым мені өсіргенің үшін, сабағымды қадағалағаныңыз үшін, тамағымды әзірлегеніңіз үшін, киімімді кірлетпегеніңіз үшін, тәтті дәмдіні менің аузыма тосқаныңыз үшін, мейірімділігіңіз үшін, қамқорлығыңыз үшін, бар жақсылығыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Хор «Ақ мамам»

Ана тілегі
Мая:
Жан ұлым жұбанышым
Көз нұрым, қуанышым.
Тәңірге сені берген,
Жүрекпен мың алғысым.
Рақима:
Өмірімнің шырайысың,
Көңілімнің, Күн, Айысың
Өзіңсің ұмыттырған
Жанымңың мұң қайғысын.
Жұлдыз:
Сен менің барлығымсың,
Бақытым, байлығымсың
Иілмес болат болсам,
Сен үшін майрылғышпын.
Венера:
Жан ұлым арман құсым
Бұлт болып самғармысың
Анаңа асқар бел боп,
Арманын жалғармысың.
Сәнім:
Мерейің тасып тұрса,
Қызығың асықтырса,
Пәк жаның жақсылықтың,
Күллісін ғашық қылса.
Бибігүл:
Жусын деп нұр жүзіңді,
Жансын деп жұлдызыңды
Бақытты тірлігіңді,
Тілеймін күндіз - түні,
Эльмира:
Өзіңсің жаным менің,
Маңдайда бағым менің.
Сен барда қандай мәнді
Атқан әр таңым менің.
Мая:
Жан ұлым шамшырағым
Өзіңсің шалқыр әнім
Қуатын берсін Алла,
Ылайым жансың бағың.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×