Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістіктері мен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет - ғұрып, салт - дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыру. Тәуелсіздігіміздің 22 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, ана тіліне құрметпен қарап, өз Отанын қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: өз елінің тарихын құрметтеуге, патриоты болуға, адамгершілікпен елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Астана – бас қала» тақырыбында»
2010 ж. «Қазақстанның ЕҚЫҰ - на төрағалығы» тақырыбында бүктемелер, Кітап көрмесі, слайдтар, интерактивті тақта, ақпараттық технология.
Сабақтың түрі. Саяхат сабағы.
Кіріспе:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Азаттықтың ақ таңы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағаты саяхат түрінде өтеді.
Тәрбие сағатымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен бастағым келеді: «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан».
Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ:
1723 жыл - Жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.
1929 - 1933 жж. Ұжымдастыру салдарынан адамдардың жаппай аштан қырылды.
2, 2 млн қазақ қаза тапты, 1, 5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті.
1936 - 38 жж. Репрессия.
1941 - 45жж.- Ұлы Отан соғысы.
1986 жыл - Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.
Желтоқсан құрбандары 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 22 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап қазіргі уақытқа дейін алуан түрлі өзгерістер Президенттің тікелей бастамасымен болып жатқаны аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.
Алғашқы сөзіміз Елбасы туралы болмақ, Жасампаздық жылнамасына саяхатымыздың алғашқы бағыты
1991 жыл (оқушылар презентациясы)
Жасампаздық жылнамасына саяхат.
Саяхатымыздың алғашқы бағыты 1991 жыл.
Айбар: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.
Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.