1.«Аталар жолымен» Ата мен немере сайысы
2. «Дені саудың – жаны сау»
3. «Қыз сұлу көрінеді білімімен»
Сабақтың үлгісі:
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қыз сұлу көрінеді білімімен»
Мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу. Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер, үлестірмелі қиындылар, гүлдер, плакат, шарлар.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар! «Қыз өссе елдің көркі» байқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди әнін бастадым.
1-жүргізуші: Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.
Олай болса бүгін байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру
2. Өнер көрсету
3. Он саусағынан өнер тамған
4. Сұрақ-жауап.
5. Тамақ әзірлеу
6. Шаш үлгісін жасау
7. Қорытынды
2-жүргізуші: Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
1-жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.