Тақырыбы: Бала құқығы – асыл қазына.
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
- Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
- Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.
- Мен демалуға құқықтымын.
- Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар.
- Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
- Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар.
- Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
- Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
- Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын.
- Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
- Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан кесіп ………..
- Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
- Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….
- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні …………………………..( сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………..( тілін алу крек)
- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)
- Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)
Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)
Оқу құралдарын ………………………( күтіп ұстау керек)
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№21 жалпы білім беретін орта мектептің
тәрбие ісінің меңгерушісі Акубаева Мадина Аубакировна
Бала құқығы – асыл қазына
- ramuk_b
- 12 қараша 2019
- 26171
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Оқушылардың құқығы, Бала құқығы асыл қазына
Ұқсас жаңалықтар:
Бала құқығы – асыл қазына
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,...Мен және менің құқығым
Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Менің құқығым және міндеттерім
Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру....Барлық әлем мен үшін
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,...Мен және менің құқығым
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.