Сабақтың тақырыбы: «Мен сенің өмірінің жалғасымын»
Cабақтың мақсаты:
Әке мен баланың арасындағы сыйластықты көрсету. Өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа ата - анамен байланысты қамту. Отанды қорғау отбасынан басталатындығын мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Әкені құрметтеуге, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.
Өту барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. Жігіт сұлтаны
Сайыстың бөлімдері:
1 - кезең «Сәлем – сөздің анасы»
2 – кезең «Мен өнерлі жігітпін»
3 - кезең «Әке - өнері балаға»
4 - кезең «Білімді мыңды жығар»
5 - кезең « Ойтолғау»
6 – кезең « Сөздің көркі – мақал»
3 Мерекелік концерт
4. Қорытынды.
1 Кіріспе сөз.
«Әке» өлеңнің арнау.
Әке деген жылы сөзді
Қайталаудан жалықпа
Шуақ шашқан әке көзі
Қуат берер жаныңа
Әкең сені еркелетіп
Тәрбиелеп өсірді
Саясында сен ержетіп
Жігіт болдың келісті
Әкең сені ұлым деді
Адалдыққа үйретті
Болсын серік білім деді
Жүрегіңе гүл екті
1 - жүр: Тәрбие сағатына «Қош келдіңіздер!»
2 - жүр Адалдық әр кез көксеген
Үйрендім, әке, тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем
Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам сүйсіндің
Мойныңа көптен асылмай
Сағындым, әке иісіңді
1 - жүр:- Әке туралы не айтуға болады?
2 - жүр: Әке - отбасының сәні
Әке – отбасының отағасы
Әке - асқар тау
Әке - қамқоршың, Әке - ақылшың,
Әке - асыраушы, Әке – тәрбиеші
1 - жүр – Па, шіркін әкелер, осылардың бәрі сіздердің бойларыңыздан табылады
Бас иеміз әкелерге.
2 - жүр; Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Бүгін «Сұлтан» атанбақ
1жүр: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар
Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сын алар
(әділқазыларды сайлау таныстыру)
2 - жүр «Сәлем сөздің анасы» деген нақыл
Топ алдына шыққанда басын иіп
Сәлемдесу - парызы әр бір жастың
Өнерлерін паш етер жігіттермен
Сәтте келіп қ алғандай танысатын
(Жігіттерді таныстыра отырып шақыру
1 - жүр
Сайыстың 1 - кезеңі
«Сәлем - сөздің анасы»
(Өздерін таныстырады)
2 - жүр
Өнерлі жігіт өрге жүзер дейді
өнерлі болса жігіттер болар сылқым
Қане жұртым көрейік «нағыз жігітті»
2 - кезең! Мен өнерлі жігітпін
(Өз өнерлерін көрсету)
1 - жүр
3 - кезең «Әке - өнері балаға»
(үй тапсырмасы бойынша)
1 - жүр
4 - кезеңі « Білімді мыңды жығар»
2 - жүр
5 - кезеңі Ой толғау
1 - жүр
6 - кезеңі «Сөздің көркі – мақал!
- Осымен жігіттер сайысы аяқталды
Келесі кезек мерекелік концерт
Диананың орындауында «Әке» өлеңі
Инештің ор\да ән! Әкетайым»
Сахналық көрініс
«Менің әкем» атты шығарма бойынша марапаттау
2 - жүр
Мейірім шашқан жүзіңнен
Өмірдің өзін көремін
Әкелік асыл сөзінен
Жолымды тауып келемін
Келесі ән «Әке жыры» орындайтын хор
Сөз әділ қазыларға беріледі.
Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Габдуллина Г. Қ.
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
- Гаухар К
- 22 қаңтар 2020
- 13519
- 0
- 100
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, ашық сабақ, әке мен бала
Ұқсас жаңалықтар:
Жігіттің сұлтаны
Бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Енді сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгінгі кеште өз өнерлерін көрсететін өнерпаздарымыздың...Күш білімде атты сайыс
Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухамткалиева Жақсылық Қазезқызы...Ханзада мен ханшайым
Лагерь ханзадасы мен ханшайымы Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру,...Көктем аруы
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....Топжарған білім сайысы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай-Ахун ауылы № 10 Балабақша тәрбиешісі Қияс Ардақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.