Сабақтың тақырыбы: Темекі - денсаулық дұшпаны
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды зиянды әдеттерге негативті көзқарас қалыптастыру
2. Теориялық білімдерін пайдалана отырып, берілген тапсырмалар бойынша шешім қабылдауға, қорытынды шығаруға баулу
3. Оқушыларда өз денсаулығын қалыптастыра отырып, өз ісін қадағалауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Көрнекілігі: слайдтар, Венн диаграммасы, видеоролик
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық (шаттық шеңберін құрып, бір - біріне жүрек жылуын сыйлауы.)
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
Кіріспе сөз: оқушыларда жастайынан денсаулығын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру, СӨС дегеннің не екені туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Темекі – денсаулық дұшпаны»атты сынып сағатын өткізуді жөн көрдім.
СӨС дегеніміз – бұл өз денсаулығыңды сақтауға, нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы. Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің ой - өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жете алады.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – СӨС, оны насихаттау мәселесі. СӨС – ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Ал зиянды әдеттер дегеніміз қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік.
2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу.
I - бөлім. Топтың атын анықтау.
II - бөлім.«Тәні саудың – жаны сау». Шарты: кубизм әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. 5/қызыл/ Темекі құрамындағы ең улы зат
2. 5/жасыл/ Темекі қандай мүшелерге зиян келтіреді?
3. 5/сары/ Темекі тарту қандай аурулардың себебі болып табылады?
4. 5/көк/ Пассивті темекі тарту дегеніміз не?
5./Темекінің шығу тарихы/
III - бөлім. Жағдаят кезеңі.
I – топқа тапсырма. Темекі тартып отырған адамды бықсып жатқан пешпен салыстырайық. Пеш түтіні тартпай, бықсып, түтіні бері шығып жатыр, одан шыққан түтін көзді ашытады, қақалтады, жөтелтеді, адамның жүрегі айниды. Мұндай жерде ұзақ отыру мүмкін емес. Ал, темекі тартатын адамның аузынан, мұрнынан түтін шығып жатыр. Өзің ойлан! Қорытынды шығар.
II - топқа тапсырма. Біз бір тамақтан:
- жиіркенсек
- құсқымыз келсе
- бас айналса
Ол тағамға еш уақытта жақындамаймыз. Олай болса неге адамдар темекіге организмдерін зорлап көндіреді? Ойлан! Қорытынды шығар.
IY - бөлім."Достарыңды салауатты өмір салтына шақыр! ". Шарты: 1шұмақ өлең құрау
Y - бөлім."Ой толғаныс "кезеңі.(Венн диаграммасы). Спортшы және шылымшы адамды салыстыру(екі топтың ойыншылары кезек - кезекпен 2 мин ішінде бағананы толтырады). Әр дұрыс жауапқа 1ұпай.
YI - бөлім"Ой қорыту"кезеңі. Темекінің зияны туралы видеоролик.
Қорытынды. Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта алған мағлұматтар СӨС дәріптейтін, өркениетті, елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресе білетін, білімді тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді деп сенемін. Әрбір жаңа алған білімдеріңді келешекте тиімді пайдаланып, денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:
Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!
Темекі-денсаулық дұшпаны
- гулнур1987
- 15 қазан 2013
- 23620
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Темекінің денсаулыққа зияны туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Темекі туралы ұлағатты сөздер
Темекіні тастау ең оңай іс, өз басым 30 рет тастаған шығармын Марк Твен...Салауаттылық - денсаулық кепілі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы, А. Иманов атындағы орта мектептің химия-биология пәнінің мұғалімі: Арзықұлова Ж....Темекі-денсаулық дұшпаны
Зекешова Арайлым Нәсіпқалиқызы Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы...«Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның»
Қызылорда қаласы Талдыарал елді мекені № 215 орта мектебінің жоғары санатты математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна...Темекі мен нашақорлық – денсаулық дұшпаны
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Жұбан Молдағалиев атындағы МДШО бар орта мектебі География пәнінің мұғалімі: Дандыбаев Ерлан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.