Сабақтың мақсаты:
білімділік 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
дамытушылық - Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
тәрбиелік - оқушыларды сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына тәрбиелеу, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы кітапшасы, қанатты сөздер, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) түгелдеу
Кіріспе.
Мұғалім:
Кіріспе.
Мұғалім сөзі. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 18 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА - ның мерейтойлық ХХ сессия - сын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды. Ал сіздер осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші.
(әр топтан оқушының ойы тыңдалады.)
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.
Ой қозғау:
- Қазақ елінде қанша ұлт өкілдері тұрады?
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Қазақстанның көбінесе қай аймағында өзге ұлт өкілдері мекендейді?
- “Мекенім – Қазақстан... ” аталған пікірге өз ойынды қос.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.
Берілген сұрақтарға жауап беру:
1. Қай жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
2. Қай жылы, қай күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды?
3. Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң
бар ма?
4. Мемлекеттік нышандарымызды ата
5. Астанада ЕХРО - 2017-ні өткізу туралы шешім қай жылы қабылданды?
6. Қазақстанда мекендеп жатқан өзге ұлт өкілдерін ата
7. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.
Сабақты қорытындылау:
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық..
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
Үйге тапсырма беру: «Қазақ елі – бұл Қазақстан!» атты шағын шығарма жазу
Бір халық – бір ел бір тағдыр
- Lailim
- 15 қыркүйек 2013
- 31613
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бір халық – бір ел бір тағдыр, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...Бір ел – бір халық – бір тағдыр
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна...Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"...Бір халық- бір ел- бір тағдыр
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға арналған халыққа жолдауын талдай отырып, «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының...Бір ел, бір халық, бір тағдыр (1 сынып)
Бір халық – бір ел – бір тағдыр № 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.