Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.
2. Жарыс ұйымдастыру
3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау
Мұғалімнің кіріспе сөзі: құрметті әріптестер, оқушылар, тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған XXI - ғасыр көшбасшысы «Егемен елге - білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 9 - сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін есепшімізбен таныс болыңыздар
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
Ойынымыз 7 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең « Өнерпаз болсаң». Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Қандай ән екенін табу және қосылып айту.
3 - кезең. «Қызықты жетілік». 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек
5 - кезең. «Жанды сұрақтар». Пән мұғалімдері сұрақтар қояды.
6 - кезең. « Сөз тапқанға» Үй тапсырмасы.
7 - кезең. « Жорға»
Ойынның шарты: Алғашқы 2 кезеңге 10 оқушы қатысады. 2 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады. 3 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушыны шығарып саламыз. 4 - кезеңнен кейін 2 ойыншы ойыннан шығады. 5 - кезеңде 2 ойыншы ойыннан шығады, 6 кезеңде2 оқушымен қош айтысамыз. Соңғы кезеңнен екі оқушыдан жеңімпаз анықталады.
Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
I – кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді?
( 1 - желтоқсан)
2. 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда. Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі )
3. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?( алдында отырған)
4. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ң қандай сыйлығымен марапатталды?
( «Әлем қаласы» )
5. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)
6. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)
7. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады
8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
9. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)
10. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
12. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды?( 2003 ж)
13. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?( 1989 ж. 22 - қыркүйек)
14. Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін ( 97м) символдық мәні бар дейді?( Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді
15. Қазақстан 2010ж. қандай халықаралық ұйымға төрағалық етті?( ЕҚЫҰ)
16. Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды?( 1991, 1999, 2005, 2011,)
17. Конституцияда не туралы жазылған?( құқық пен міндет)
18. ҚР – ң Премьер Министрі кім? ( Серік Ахметов)
19. ҚР Мемлекеттік Гимні ретінде қабылданған « Менің Қазақстаным» әні қай жылы жазылған және әнді алғаш орындаған кім?( 1959 ж. Жамал Омарова)
20. Алғашқы рет ҚР - ң Гимні ретінде « Менің Қазақстаным» әні қай жылы қандай мерекеде орындалды? ( 2006ж. 10 - қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде )
21. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі ( теннис)
II - кезең «Өнерпаз болсаң»
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі кезеңге көшейік.
Ойынның шарты: Патриоттық әндер минусовкасы беріледі қай ән екенін анықтап, қосыла айту керек. 10 ұпай.
Талапты бала талпынған құстай
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын есепші хабарлайды. Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.
« Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас» демекші ойыннан шыққан оқушыларымызды шығарып саламыз.
III – кезең. « Қызықты жетілік». Шарты: 9 ұяшықтан таңдап алған
сұрақтарға жауап беру.
Ғылым 10 20 30
Тұлға 10 20 30
Спорт 10 20 30
“Ғылым”
10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )
20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )
30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
“Тұлға”
10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )
20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )
«Спорт»
10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)
30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион).
Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек. 10ұпай.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Келесі кезекте ұпай сандары аз 2 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.
5 - кезең. «Жанды сұрақтар». Ойынның шарты: Пән мұғалімдері экран арқылы сұрақтарын қояды. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дей келе ойыннан тағы 2 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
VI - кезең. « Сөз тапқанға» Үй тапсырмасы. 2 минут. Шарты: Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді? үй тапсырмасын қорғау. ( өмір сүргілері келетін мемлекеттің аты, шекарасы сызылған, туы, елтаңбасы, астанасы және өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең шумақтарын арнау.)
Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. Өзбектің ойшыл
ақыны Ә. Науаи:» ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді», деп көрсетеді. Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы – тіл. Ана тілі – ең жақсы тіл дегендей келесі кезекті шешендік кезеңге береміз.
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.
VII - тур. Жорға. Басталады жорға деген сайысым,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
1 - Ойыншыға сұрақ.
1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)
3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
5. Басты байлық ( денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
7. Қара алтын( мұнай)
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
9. 12 ай( жыл)
10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
11. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)
12. Абайдың әжесі ( Зере)
13. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)
14. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
2 - ойыншыға сұрақ.
1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара)
2. Жыл басы ( тышқан)
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)
4. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
5. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер – министр)
6. Ақ алтын ( мақта)
7. Жеті күн( апта)
8. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
10. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
11. Айтыскер адам ( ақын)
12. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
13. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)
14. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)
15. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)
Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
XXI ғасыр көшбасшысы. «Егемен елге- білімді ұрпақ»
- гулнур87
- 4 наурыз 2013
- 38206
- 0
- 100
Ілмек сөздер: XXI ғасыр көшбасшысы, Егемен елге білімді ұрпақ
Ұқсас жаңалықтар:
Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...XXI ғасыр көшбасшысы ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Міндеті: 1. Білімділік: Ойы жүйрік, танымдық...Ғажайыптар алаңы
Мақсаты: Оқушылардың ой қызметін, зеректігін, ұғымталдығын, логикалық ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, оң бәсекелестікті қалыптастыру....Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...XXI ғасыр көшбасшысы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, Сейдалы Оразалин атындағы орта мектеп тәлімгері: Дүйсенғалиева Гүлдана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.