Сайтқа кіру Тіркелу

Темекі мен нашақорлық – денсаулық дұшпаны

Сабақтың тақырыбы: Темекі мен нашақорлық – денсаулық дұшпаны
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға темекі мен нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру.
2. Дамытушылық. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өз беттерімен ізденіс дағдыларын дамыту
3. Тәрбиелік. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ауызша журнал
Сабақтың әдістері: Әңгіме, Сұрақ – жауап, жағдаят талдау, өлең шумағын құрастыру
Көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор. Бейнеролик «Темекінің адам ағзаларына тигізетін әсері», «Темекі қайдан шықты», «темекінің зияны», «Темекі мен күрес шаралары», «Нашақорлық – өлім тұзағы» атты мақалалар.
Сабақтың барысы: Журналдың редакторы сынып жетекшісі.
Кіріспе: Елімізде мектеп жасындағы балаларға темекі сатуға болмайтындығы туралы заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігі ақиқат. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Темекі мен нашақорлық – денсаулық дұшпаны», мақсаты темекі мен нашақорлықтың құрдымға апаратын жол екеніне көз жеткізу.
1. Тілші:
«Темекі қайдан шықты?» Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «тобакко» деп атаған. Париждегі португалдық елші Жан Нико темекінің Еуропаға тез таралуына себепші болғаны сонша, темекінің адамға әсер ететін уы «никотин» аталып кеткен. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатирина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын туғызған. Әуелгіде емдік шөп ретінде пайдаланылған. Ресейге шет ел саудагерлері арқылы келген.
2. Тілші:
Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.
Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Оператор:
Темекінің адам ағзаларына әсері атты бейнероликті көрсетеді.
Жағдаятты талдау:
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.
Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
Талдау сұрақтары:
 Темекінің пайдалы жақтарын білесің бе?
 Темекінің жоғарыдағы қасиеттері үшін қызығуға бола ма?
 Данышпан «темекінің жақсы жақтары» деп қандай оймен айтты.
3. Тілші. Экономикалық сарапшы: Әр түрлі темекі маркаларының бағаларына талдау жасап, оның отбасының экономикалық жадағайына әсері туралы баяндайды.
4. Тілші:
Нашқорлық өлім тұзағы. «Наркомания» деген гректің сөзінен шыққан, “narko” – есінен айырылып қалушылық, “mania” – құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша «нашақорлық» деп аталып жүр. Нашақорлық адамның іш құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т. б мүшелерді зақымдайды.
«Есірткіні инемен салмасаң тәуелді болмайсың» - деп, наша түріндегі шөпті шегуге қызығатындар да бар. Бұл – арандатушылық. Қандайда болмасын әдеттің соңы адамды тәуелді етумен тынады.
Есірткінің наша, кендір қурай, қарасора, марихуана деген шөптен жасалған түрлері болады. Героин, гашиш т. б деген химиялық түрлері де бар.
5. Тілші:
Есірткінің биологиялық зияны:
• Ағзаны тәуелді етеді;
• Психика бұзылады;
• Ішкі құрылыс зақымданады;
• Кемтар балалар туылады, т. с. с
6. Тілші:
Есірткінің әлеуметтік зияны:
• Нашақордың отбасы қиналады;
• Емдейтін маман іздейді;
• Шығынданады;
• Нашақор өз жақындарын еліктіреді;
• Қылмыстар жасалады, т. б.
7. Тілші:
Есірткінің экономикалық зияны:
• Бар ақшасын есірткі қолдануға құртады;
• Өз үйінен бағалы заттарды білдіртпей алып кете бастайды;
• Үйдің жағдайын төмендетеді;
• Есірткі сатушылар оңай олжаға кенеледі, арам жолмен байиды.
Өлең шумағын құрастыру:
............................... тастайық,
............................... бастайық
...............................................
............................... сақтайық!
Қорытынды: Міне, балалар темекі мен нашақорлықтың құрдымға апарар жол екеніне өздеріңнің ізденістерің арқылы көз жеткіздіңдер. Әрине, темекінің зияндары өте көп. Нашақорлыққа жол да осы темекі шегуден басталады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, темекіні бастап оны тастай алмай жүргеннен гөрі оны тартуды бастамаған дұрыс.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×