Наурызым – асыл айым
Мұғалім сөзі: Наурыздың 22-сі – барша мұсылман халқының жаңа жылы. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деген екен атам қазақ. Ендеше, мерекемізді бастамас бұрын үлкен кісілерден наурыз бата алайық.
Құрметті ата – аналар, Бүгін біздің топта «Шаңырақ» сайысы болғалы отыр. Бұл сайысқа әдемі қыздарымыз аналарымен қатыспақ. Сайысымыздың көрермені болыңыздар.
Сайысымыздың шарты:
1. Таныстыру
2. Өнері
3. Ою ойып, түйме қадау
4. Қазақтың салт – дәстүрінен көрініс көрсету
5. Шеберқол өнері
Жүргізушілер ортаға шығады.
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Шырқап әнге саламыз.
Хор. Наурыз
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар., қонақтар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Отбастарыңызға аманшылық, мереке, бірлік, береке тілейміз. Ортаға «Шаңырақ» сайысының сайыскерлерін шақырамыз.
2-жүргізуші
Ана – біздің күніміз,
Қыздар – біздің гүліміз.
Таныстырар өздерін,
Тамашалап көріңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға шақырамыз
2-жүргізуші
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Алдыңызда сайыскер
Ән салып, билеп береді.
Сайыскерлеріміз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші
а) Ою ойғанның ойы ұшқыр.
б) Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер - демекші, ортаға аналарымызды ою оюға, қыздарымызды түйме қадауға шақырамыз.
«Наурыз – думан» әні орындалады.
2-жүргізуші
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның
Алып келген осы күн.
Сайыскерлеріміз қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетеді.
1-жүргізуші
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата – баба жолынан.
Шеберқолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан – дей келе сайыскерлеріміздің үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалайық.
2 – жүргізуші
Әділқазы әділ төрелігін айтқанша, «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Әділқазыларға сөз береміз.
Берілетін номинациялар:
1. Үлгілі Ана Көркем қыз.
2. Мейірімді Ана Парасатты қыз. 3. Өнерлі Ана Ақылды қыз
Наурызым – асыл айым
- Гүлжанар
- 26 қаңтар 2013
- 19568
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Наурыз жыл басы, мереке сценарийі, ұлыстың ұлы күні, 22 наурызға арналған, бастауыштарға
Ұқсас жаңалықтар:
Армысың, әз Наурыз!
Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...Әжелер көңілдің ажары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша, Әдіскері: Ералимова Шолпан Убайджанқызы...Қош келдің, Наурыз!
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Имашева Венера Жоломановна...Кішкентай арулар
Тақырыбы: Кішкентай арулар..."Наурыз тойы – дәстүрлі мереке" (сыныптан тыс шара)
БҚО, Шыңғырлау ауданы Тасмола ОЖБББМ Китарова Лайла Толыбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.