Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Қараой мектеп-бала бақшасы
Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна
Тақырыбы: Ана тілім-айбыным!
І слайд:Сабақтың мақсаты:
Өскелең ұрпақтың ата-бабасынан келе жатқан қасиетті туған тілінің қадір-қасиетін мен сөз қадірін түсініп, өз ана тілін құрметтеп, дәріптеуге, мақтан етуге тәрбиелеу;
Сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттері мен өз ойын ашық жеткізу дағдыларын арттыру.
ІІ слайд:Кіріспе сөз:
Тілім менің - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін!
Көрнекіліктері: Тақырып, нақыл сөздер
/Сабақ интерактивті тақтада презентацияға салынып өткізіледі/.
ІІІ слайд:Үй тапсырмасы:Белгілі бір ақынның тіл туралы өлеңін оқып, оқыған өлеңді ой елегінен өткіз.
Ақын өлеңде қандай ұран тастайды?
Өлеңде ақын қандай ой салады?
ІVслайд: Өз ойыңды ашық айтуға дайындалып кел
Мұғалім:Сөз өнері - киелі өнер. Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ. Адамды жылататын да сөз. Жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де - осы сөз. Тек оны тыңдап, мән-мағынасын түсіне білу керек.
Олай болса, ұлы адамдардың даналық ойларына тоқталайық.
«Даналар сыр шертеді»
“Тәрбие басы – тіл” /Махмут Қашқари/
Сөзі жоғалған елдің, өзі де жоғалады.
/А. Байтұрсынов/
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді. /М. Әуезов/
Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзін өзге тілдің сөзімен шұбарламау.
Тілдің тілден кеңдігі болғанымен кемдігі болмайды.
/Оқушылар даналық сөздерді оқи отырып, сол сөздердің мағынасын ашады. /
Мұғалім: Қазақ тілі-
Халық тілі,
Тіл аманда-
Халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да
Халық мұңы...
V слайд: «Мінсіз қате түзетуші»:
Привет, Досым!
Қалың қалай? Папаң, мамаң аман ба?Ауылда қандай жаңалықтар болуда? Вечерлер болып тұра ма?
Ал, маған келмек болсақ, мен де бәрі нормально. Иногда настроением болмайды. Потому что сендерді қатты сағындым. Иногда жаңа достарыммен дискотекаға барамын. Общежитияның есігін 11-де жабады. Соған дейін постараемся үлгеруге. Түнде келіп сабаққа дайындаламыз. Күндіз дайындалатын коридордағы шу сабаққа мешать етеді.
Кеше окорочка, марковь салып плов пісірдім. Ішіне капуста да салып жібердім. Бірақ конкретно болып піскен.
Ал, басқа не айтайын? Хат жазып тұр. Пока! Бәріне сәлем айт!
Сәлеммен, Досың!
/Оқушылар хатты оқи отырып, шұбарланып жазған хаттың орысшаларын тауып, қазақшаға аударып түзетеді.
VІ слайд: Мақал-мәтел жалғасын тап!
Тіл мен көз тас жарады,... / тас жармаса бас жарады/.
Өнер алды-... /қызыл тіл/.
Бас кеспек болса да,... /тіл кеспек жоқ/.
Ақыл көркі - тіл,... /тілдің көркі-сөз/.
Мұғалім: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім?
Өлең жазып көрейік!
Ана тілі - біздің туған анамыз,...
/Өлеңнің бір жолы беріледі, оқушылар өз ойларынан жалғастырып өлең құрастырады. /
Мұғалім: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
VII слайд: Қорытынды:
1. Сұрақтар: Дүниедегі ең ащы не?
2. Дүниедегі ең тәтті не?
Мұғалім: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Ананың сүтімен берілген қазақ тілін әрқашанда мақтан тұтып, биік ұстап қастерлеу кейінгі ұрпақ мына біздің еншімізде. Бүгінгі сабағымызда айтылғандай тіл тазалығын сақтап, Қадыр ағамыз ұрандағандай өзге тілдің бәрін білсек те, өз тіліміз ұмытпай, туған тіліміздің дауына үлес қосайық. Қазіргі таңда біздің тіліміз осындай қамқорлыққа зәру деп бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймын. Сау саламатта болыңыздар!
Қазақ тіл – мемлекеттік тіл.
Әдеби тіл дегеніміз – белгілі бір қалыпқа түскен, қарапайым сөйлеу тілінен жоғары тұрған, жалпыға бірдей міндетті әрі дұрыс қабылданған нормасы бар тіл. Ауызекі сөйлеу тілінде оларды жұрттың бәрі бірдей айтып, бірдей нұсқада қолданады. Ондай бірізділік сөздердің жазуында /орфографиясында/ да, айтылуында /орфоэпиясында/да, грамматикасында да және терминдердің жұмсалуында да орнығып қалыптасады. Осы қалыптасқан бірізділікті норма деп атайды. Нормаға түспеген тіл әдеби тіл деп есептелмейді.
Әдеби тіл қоғамға жазбаша және ауызша түрде қызмет етеді. Егер әдеби тіл қоғамның мемлекеттік тілі болса, онда ол өмірдің барлық саласында кеңінен пайдаланылады. Белгілі бір тарихи себептермен кейбір халықтардың әдеби тілі өз тілі емес, өзге бір халықтың тілі болуы да мүмкін. Бұл жағдай сол халықтар өз тәуелсіздігінен айырылып, өзге халықтарға тәуелді болуымен байланысты туған. Мәселен, Үнді елінің әдеби тілі көп жылдар бойы ағылшын тілі болып келді. Қазіргі Бразилияның әдеби тілі - португал тілі болса, Аргентина мен Кубаның әдеби тілі – испан тілі. Ал біздің еліміздің қазақ тілі - қазақ халқының әдеби тілі. Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі.
1989 жылы қазан айында республиканың жоғарғы кеңесі қабылданған.
Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі.
Қазақ тілі – кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Бұған дүние жүзі ойшылдарының, озық мәдениеттің үлгілері, мысалы, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Некрасов, Крылов, Гоголь, Шекспир, Гюго, Шилгер, Бальзак т. б шығармаларын өз тілімізде оқи алуымыз куә. Мұның барлығы қазақ тілінің жұмсалу аясының кеңдігін, қоғамдық қызметінің шарықтап өскендігін көрсетеді. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметі үй ішінде отбасы мүшелерінің арасында бір-бірімен түсінісіп, сөйлесу үстінде, оқу орындарында білім алу, тәрбие беру істерінде, жұмыс орнында, ұжымда, адамдардың бір-бірімен қатынас кезінде жүзеге асады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тәрбие саласында, мәдени өмірде, қоғамдық-саяси өмірде, ғылыми саласында, іс –қағаздар ісінде, өз міндетін атқарып, халқына қызмет істеп келеді Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп саналады. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы – тіл өнерін келер ұрпағына жеткізіп, оны аялап, қастерлеуі тапсырып отырған. Қорыта келгенде, 1989 жылдың 22 қыркүйек күні – тіл күні деп аталады.
Ана тілім-айбыным
- Сандигул
- 25 желтоқсан 2012
- 36539
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық тәрбие сағаты, ана тілім айбыным, туған тіл, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....Ана тілім – бабам тілі, өз тілім
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.