«Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 1-3 класс оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш класс оқушылары.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1.Аяпов Алихан
2.Берікбай Нұржалғас
3.Қырықбай Санжар
2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Таңсықбаева Ақөрік Сағырбайқызы
2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шамакова Динара Уразбаевна
3.Мектеп директорының оқу - ісінің әдіскері: Кашкинбаева Гүлнар Советовна
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
Байқау бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру) – 3 мин.
2.«Ел іші, өнер кенші» (өз өнерлерін көрсету) – 3 мин.
3.«Үй тапсырмасы..» - 3 мин
4.«Білімді жүзден озар...» (викториналық сұрақтар) – 4 мин.
5.«Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) – 3 мин.
Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, құттықтаудың ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.
2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәскеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Ел іші, өнер кенші...» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Оқушылар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)
1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.
Келесі кезекте «Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) бөлімі. Құттықтау уақытына 3 мин беріледі.
2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін карсы алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау:
1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Викториналық сұрақтар
1-класс
№1
1.Сөйлеу не үшін қажет?
2.Сиырдың төлі.
№2
1.«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы?
2.Сиырдың төлі.
№3
1.Сөз неден құралады?
2.Жылқының төлі.
№4
1.Жуан дауысты дыбыстарды ата?
2.Түйенің төлі.
№5
1.Времена года.
2.Назови гласные буквы?
2-класс
№1
1.Апта күндері.
2.Тұсаукесер тойы қай кезде тойланады?
№2
1.Как путешествует растения?
2.Что обозначают слово «Бешбармак»?
3-класс
1.Төрт түлікті ата.
2.Шілдехана қай кезде тойланады?
Жігіт сұлтаны
- АсельА
- 10 қараша 2019
- 54560
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жігіт сұлтаны, байқау, бастауыш сыныпқа арналған сайыс ұл бала
Ұқсас жаңалықтар:
Жігіттің сұлтаны
Бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Енді сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгінгі кеште өз өнерлерін көрсететін өнерпаздарымыздың...«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу....«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...Жігіт сұлтаны
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.