Сайтқа кіру Тіркелу

Бейімбет Майлин

Бейімбет Майлин (1894-1938жж)

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845 - 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Жаяу Мұса

Байжанұлы Жаяу Мұса – қазақ халқының әйгілі әнші - композиторы, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы.

Біржан сал

Қазақ әдебиетінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі – XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағұлұлы.

Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту
Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов (1897-1961 ж.ж.)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез – екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар.

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факултетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері – рның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. «Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол асытына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды.

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

 

Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×