Сайтқа кіру Тіркелу

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937 жж.)

 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

 

Батырлықты, билікті салт қылған ірі мінезді адамдары көп ортада туып-өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, күйбің тірлік кешкен өзге қазақы ортадан бөлектеу еді. Әділетті жақтау, қиянатқа төзбеу – атадан балаға қалған мұра секілді қасиет еді мұнда. Әулеттің ісін тізіп, әріге бармай-ақ, беріден қайырсақ, әкесі Байтұрсынның параға сатылып, ауылына қиянат жасаған Торғай уезінің начальнигі, «кәрі ояз» атанған. Яковлевті сабап, басын жаруы да сол қасиеттің құдіреті болатын. Осы қасиет Ахметті де өз ортасынан суырып алып, күрес жолына салды. Патша өкіметінің зұлым саясатын, халқына жасап отырған көренеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп, біліп отырып, жан бағып, жайына жүре алмады. Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне қарамастан, «өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті» (С.Сейфуллин). Ол  замана ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады.

 

Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті – мұқалмады; түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет етіп, үлгі-өнеге көрсетті. Ол өзі атқарған үлкенді-кішілі қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен

 

«Қазақ»газеті

«Қазақ» газеті бетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде-қажеттіліктерін батыл сөз еткен материалдар жиі басылған. Сондықтан да ол өз дәуірінің беделді органы саналған. Алғашқы шыққан жылының соңында-ақ оның 3000-нан астам жаздырып алушысы болған, ал жабылар алдында өзінің баспаханасы, кітапханасы жұмыс істеген және тиражы 8 мыңға жеткен.

«қазақ» газеті соңғы кезге дейін кертартпа ұлтшыл-буржуазияшылық басылым ретінде сипатталып келді. Мұның сыңаржақтығы қазір белгілі болып отыр.

«Қазақ» газеті бетінде басылған қоғамының әлеуметтік, саяси өміріне қатысты кейбір материалдар, ел билеушілердің озбырлығын, парақорлығын әшкерелеген мақалалар ресми органдардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Губернатор мен жандарм бастығы Ахмет Байтұрсыновты бірнеше рет жауапқа тартып, айып салған. Мысалы, «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 80-саында Ахмет Байтұрсынов жазған бас мақалада Қазақ аймағын басқару ережелері қатты сыналғаны үшін Орынбор губернаторы Сухомлинов редакторды 1500 сом штраф төлеу немесе үш айға тұтқындау туралы шешім қабылдайды. 1500сом штраф төлеу газет тағдыры үшін ауырлыққа түсетін болғандықтан А. Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан полицияға өзі барып, айып төлеуден бас тартатынын, түрмеге отыруға дайын екендігін айтады, 20 қазанда ол түрмеге алынады. Бұл жағдай туралы хабар тарасымен-ақ газет оқушылары ақша жинап, айыпты төлеп, 5 күннен кейін А.Байтұрсыновты түрмеден босатып алады, сөйтіп 1916 жылы да газет 3000 сом айып төлеген, солардың бәрін де газеттің оқушылары, тілектестері көтерген. Олар Байтұрсыновты тұтқынға алғызбай, басылымды жаптырмай, аса ізгі мінездер танытқан.

А. Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов: «...Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын» - деп жазған-ды. «Қазақ» газеті 1917 жылдың шілде айынан «Алаш» ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай облыстық Советтері Съезінің шешімімен жабылды.

 

Ахмет Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы – оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. Мұның бәрі қоғамдық ой-пікірде тынымсыз ізденген, өмірге құштар жас Ахмет үшін текке кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан ол айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды. өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді. Ахмет:

 

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Қайсысы ықыласын салып тыңдап,

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан аз да болса белгі қалар, - дейді.

 

Ақынның өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

 

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

 

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» - сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді.. ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

«Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысының, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімділік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға айлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.

Алдыңғы ағалар суреттеп кеткен қазақ қоғамының жалпы қалпында дәл сол кезде айтарлықтай өзгерістер жоқ-ты. Ахмет қоғамының сол бір келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмайды. Ол жан ауыртып, жүрек сыздатар «қасірет сөзін» айтып, хатқа жазады.

            А. Байтұрсыновтың «Жиған-терген» өлеңі Абайдың «Сегіз аяғы»

 Үлгісімен, әсерімен жазылған шығарма. Осы өлеңде қазақ қоғамының бірсыпыра көкейкесті мәселелері көтерілген. Елді, ел намысын ойлайтындар аздығы, бірліктің жоқтығы, ел басшыларының зорлықшылығы, т.б. жайлар туралы ой-тұжырым айтылған. Қоғам қалпы туралы ойланған ақын:

 

Әр жолды ойлап,

Ойыма бойлап,

Ұқтым тайыз, тереңді.
Сайраған тілмен,

Зарлаған үнмен,

Құлағы жоқ кереңді –

Ұқтыра алмай сөз әуре,

Тек тұра алмай біз әуре, –



дейді де, сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады.ұлы ұстазы Абайша ол «Салынып дауға, сатылып жауға» аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза молдаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінездерді сынға алады. «Ұйқышыл жұртты, түксиген мұртты, обыр обып, сорып тұр» - «Түн етіп күнін оятқызбай қорып тұр» - ақын ойынша мұндай озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырған саясаттың нәтижесі. Соның бәрін көріп толғанған ақын:

 

Ұлғайып қайғы,

Уытын жайды,

Айтпасыма болмады.

Қабағын түйіп,

Қаһарын жиып,

Көкті бұлт торлады.

Жаңбыр жаумай, жауса қар,

Жұрт жұтайтын түрі бар, -

деген ойлы тұжырым жасайды.

А. Байтұрсынов қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп үндемей жүре бермей, адамдық қасиеті қорғауды қалайды. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. «Адамдық диқаншысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алдағандарға алданбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, алардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады.

Елдің ауыр халін аз да болса жеңілдету жолдары туралы ойланғанда Ахмет бұрын қалыптасып дамыған ағартушылықтың мақсат-мұраты арнасында ой өрбітеді, ұйқыдан оянып, білім-ғылымға ұмтылу қажеттігін, оянған ерге еру керектігін еске салады. Оның:

 

Оянған ерге
ұмтылған жерде

Еруші азда, серік кем.

Қас білген досты,

Дос білген қасты,

Мұндай елді көріп пе ең?

Қыс ішінде бірер қаз

Келгенменен, қайда жаз?! –

 

деген өлең жолдары ел ішіндегі азын-аулақ зиялы азаматтар сөзіне құлақ қоюдың аздығына күйінуден туған. Ақын өлеңдерінің шығарылған жылдары нақты қойылмауы, әрине, оның творчестволық ой жүйесінің эволюциясын анықтауды қиындатады. Дегенмен, «Маса» өлеңдер жинағы 1911 жылы басылғанына сүйеніп, сонда жарияланған туындылар содан бұрынғы жылдары жазылғанын, Ахмет Байтұрсыновтың ел күйін өзгертудің ағартушылық жолдан басқа бір арнасын іздеп, сезіне бастағанын байқаймыз. Ол ізденіс 1905-1907 жылдар уақиғаларына, революциялық дүмпулердің қазақ жерлерін де шарпуына байланысты қалыптаса бастаған деуге болады. Мысалы, «Бақ» деген өлеңінде ақын:

 

Бұлттар басып жасырған,

Жаңа түсіп басылған,

Таң шапағы сөніп тұр;

Жаңаланған өмірден

Жаңа шығып көрінген

Гүл қамауда семіп тұр, -

 

дейді. Мұндағы «жаңа түсіп басылған», «таң шапағы», «жаңа шығып көрінген, гүл қамауда семіп тұр» - деген көркемдік компоненттер, символдық бейнелер замана бағытына жаңа ғасыр көгіндегі көрініс-құбылыстар әкелген бағыт-бағдар әсерлерінен туғаны байқалады. Ағартушылық баққа жетудің қиындығын ол тез түсінеді. Алайда, ақын түңілген емес, ізденуден, үміттенуден, ұмтылудан жалықпайды:

 

Үміт сүрер жыраққа,

Жетесің деп мұратқа,

Талықсам да ізденіп,

Қашан көңіл жасарар?

Арқа басың босанар

Рахатты жаз келіп?

Қашан жанып шам-шырақ,

Сәуле беріп жарқырап,

Болар жарық төрт тарап?

Қашан маған іздеген

Күліп жылы жүзбенен

Болар серік бақ қарап? -

деп армандайды ол. Бұл тамаша өрнектер тек бір ақынның жай-күйі ғана емес, Октябрь алдындағы қазақ қоғамының рухани ізденістерінің белгісі, алда жанар шам-шырақты армандап күту, аңсау әрі сену сарыны. Мұның негізінде қазақ қоғамының тынымсыз рухани ізденістері, мүддесі, кейінгі революциялық толқындарға, өзгерістерге жылдам ілесуіне себеп болған таза оптимизм жатыр.

«Маса» жинағының көркемдік арсеналында талай эпитеттер, теңеулер, шендестірулер, инверсиялар, мақал-мәтелдер бар. Мысалы, теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік, надандық жайғасқан жайды ақын, көбіне «түн», «түнерген төбемізден бұлт арылмай», «қасірет», «өртке душар болып», «не қалды тәнімізде шарпылмаған», «алалық алты бақан дертпен кірдік» деп бейнелейді. Айтайын деген ойын ақын көркемдеп жеткізуге, бейнелі сөз табуға шебер. «Досыма хат» өлеңі түгелімен осындай бейнелі сөздерден, теңеумен шендестіруден, антитеза мен синекдохадан тұрады:

 

Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген төбемізден бұлт арылмай.

Көк атты, көн терілі, көніп қалған,

Сықса да шыдай беру – жұрт жарылмай.

 

Бұл жолдарда қазақтың көркемдік ой жүйесінде қалыптасқан өрнектер ақынның өзіндік ізденістерімен астаса қиюласқан. Айталық, «қырағы қия жазбас сұңқарым-ай, қажымас қашық жолға тұлпарым-ай» деген метафоралық өрнектер бұрышынан көркемдік арсеналда бар болса «өлігін өлексенің өрге сүйреп, шығармақ қыр басына іңкәрім-ай» ақын өзі тапқан көркемдік тіркес, айтылмыш ойды үдете, үстемелей жеткізу қызметін атқарып тұр.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасын  - көп ғасырға қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық-ағартушылық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Оларды қайта бастыру туған әдебиетіміздің жалпы адамзаттық, гуманистік, демократтық, тәрбиелік сипаттарын айқындап аша түсетін мұра болмақ.

Ахмет Байтұрсынов қылдырған бй мұраның тағы бір саласы оның көркем аударма дамуына үлесі. Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. Ахмет Байтұрсынов аудармамен шұғылданған тұста, яғни ХХ ғасырдың бас кезінде аудармада, әсіресе, орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақталған еді. Сонау Абай мен Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов, Ғұмар Қарашев аудармаларымен газет-журналдағы тәржімалармен толыға түскен. Енді бір топ ақын-жазушылар Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов көркем аударма ауқымын кеңейтіп, Шығыс пен Батыс елдері әдебиеттері үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға қызмет етті.

 

Ахмет Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ол орыстың классик жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды. Бұл И. А. Крылов шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы.

И. А. Крылов мысалдарының СССР халықтар тіліне аударылуының өзіндік тарихы жазылар болса, оның өшпес туындыларының біразын ең алғаш өз тілдерінде сөйлеткен халықтардың алдыңғы қатарында қазақ халқы, оның ардагер ұлдары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев тұрары хақ. Олардың кейінгі бір топ қазақ ақын-жазушылары да Крылов туындыларын қазақ тіліне аударумен шұғылданды. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән-мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады:

 

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа – сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күй қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

 

 

 

 

 

 

 

Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937 жж.)

 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

Батырлықты, билікті салт қылған ірі мінезді адамдары көп ортада туып-өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, күйбің тірлік кешкен өзге қазақы ортадан бөлектеу еді. Әділетті жақтау, қиянатқа төзбеу – атадан балаға қалған мұра секілді қасиет еді мұнда. Әулеттің ісін тізіп, әріге бармай-ақ, беріден қайырсақ, әкесі Байтұрсынның параға сатылып, ауылына қиянат жасаған Торғай уезінің начальнигі, «кәрі ояз» атанған. Яковлевті сабап, басын жаруы да сол қасиеттің құдіреті болатын. Осы қасиет Ахметті де өз ортасынан суырып алып, күрес жолына салды. Патша өкіметінің зұлым саясатын, халқына жасап отырған көренеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп, біліп отырып, жан бағып, жайына жүре алмады. Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне қарамастан, «өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті» (С.Сейфуллин). Ол  замана ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады.

Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті – мұқалмады; түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет етіп, үлгі-өнеге көрсетті. Ол өзі атқарған үлкенді-кішілі қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен өлеңдерін шығарған баспа орындарын да – бәрін-бәрін халқына қалтқысыз қызмет етудегі өз идеясын, өз саясатын жүзеге асырудың құралы етті. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» (М.Әуезов). Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған оны туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғы жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахмет Байтұрсынұлы, өз халқымен қайта табысты.

Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен тағы бірер үзінді.

Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысшыл, батыл , сергек адам болса керек, өйткені ол өзін қолдаушылармен бірге ХІХ ғасырдың 80-жылдары сол ауыл-аймақты басқарып жүрген Яковлев деген уездік бастықты сабап, оның семьясын, туған-туысқандарын, сыбайластарын қуыпты. Бұдан соң уезд басшылары ауылға жазалаушы отряд жіберіп, ағалы-інілі Байтұрсын мен Ақтасты тұтқындайды. Қазан округтік сотының жылжымалы сессиясы Шошақовтарды 15 жылға Сібірге жер аударуға шешім қабылдайды. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар баланың жастық сезіміне айрықша әсер еткен. Адамдар арасындағы мұндай қақтығыстардың, шиеленістердің әлеуметтік астарларын, толық түсініп болмаса да, қайсар әке Байтұрсын мен оның туысы Ақтастың және оларды жақтаушылардың әрекеттері жас Ахметтің қиналған халықтың ауыр тұрмысын тануына, олардың ағаттығы жолындағы ізденістеріне ой салғаны көрінеді. Ақынның «Анама хат» өлеңіндегі мына бір жолдар жас кезінде көрген, түсінген сұмдық оқиғалар әсерінен жазылса керек.

 

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?!

Бұл өлең 1909 жылы ол Семей түрмесінде жатқанда жазылған сияқты. Ақын аяулы анасына деген сағынышын:

 

Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп»,

Қайғы жеп, менің үшін болма алаң! –

деген жолдармен білдіреді.

 

Қаңбақ пен салмағың тең бұл бір заман

Лаж жоқ жел айдаса ермесіне.

Тайпалған талай жорға, талай тұлпар,

Тағдырың кез болып тұр кермесіне.

Солардан жаным-тәнім ардақты емес,

Орынсыз күйзелейін мен несіне?! –
            деген жолдарда да сол уақыттың күрделілігі, жазықсыз жапа шеккен саңлақтардың тынысы, сенімі сезіледі.

Әділетсіз құрбаны болған ағалы-інілі Байтұрсын Ақтастың балалары енді Шошақтың кенжесі Ерғазының тәрбиесінде болады, оның көмегімен 1891 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Ахмет Орынборға барып мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. Бұл жылдары торғай, Орынбор өлкесінде ұлы педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин негізін қалап кеткен игі дәстүрлері бар мектептер жұмыс істегені белгілі. Осы үлгідегі мектептерде оқып, жүйелі білім, алған Ахмет 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық мектептерде екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Сөйтіп, ол сол кездегі қазақ қоғамына ең бір қажет және кең шеңберде дамуға бет алған ағартушылық, демократтық қозғалысқа белсене араласады.

Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде әділетсіздікке, патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілер қатарында болғаны үшін Ахмет Байтұрсынов бақылауға алынады да, 1909 жылы шілдеде Семей түрмесіне қамалады. Кейін оны қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, 1910 жылдың наурыз айынан бастап 1917 жылдың соңғы айларына дейін Орынбор қаласында тұрады. Бірақ ол бұл кезеңде де өзінің қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өмірге араласуын тоқтатпайды. 1911жылы Орынборда оның «Маса» атты өлеңдер және аударма мысалдар жинағы басылады. 1913 жылдың наурызынан бастап «Қазақ» атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болып істейді.

20-жылдардың соңы жалпы ел үшін, оның ішінде Қазақстан үшін аса ауыр жыл болғаны мәлім. Жеке адамға табыну зардаптарының алғашқы нышаны біліне бастаған осы бір тұста ескі интеллигенция өкілдері қудалауға түсті. А. Байтұрсынов 1929 жылдың 2 маусым күні қамауға алынып, кейін өзі Архангельск облысына, зайыбы Александра мен қызы Шолпан Томскіге жер аударылды. Бұрынғы әр қилы қоғмдық қызметі мен ғылыми еңбектері, шығарған өлеңдері, өзіндік ой-пікірлері сыңаржақ сынға, дәлелсіз даттауға ұшырады. Одан тек 1934 жылы ғана қайтып оралды. Оған ұлы жазушы М.Горькийдің әйелі П.Пешкованың Бүкіләлемдік Қызыл Крест ұйымыынң атына бірсыпыра жазықсыз азап шеккендерге көмектесуін өтініп жазған хаты себеп болды. Алайда, Алматыға келгеннен кейін де оның қалауынша қызмет етуіне шектеушілік қойылды. Көп ұзамай 1936-1937 жылдардың құйыны басталды. А. Байтұрсынов та 1937 жылы 8 қазанда тұтқындалып, содан қайтып оралмады. Сөйтіп көрнекті ғалым, әдебиетші қасірет кездің құрбаны болып кете барды. Оның атына, еңбектеріне ұзақ жылдар бойы тыйым салынды.

«Қазақ»газеті

«Қазақ» газеті бетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде-қажеттіліктерін батыл сөз еткен материалдар жиі басылған. Сондықтан да ол өз дәуірінің беделді органы саналған. Алғашқы шыққан жылының соңында-ақ оның 3000-нан астам жаздырып алушысы болған, ал жабылар алдында өзінің баспаханасы, кітапханасы жұмыс істеген және тиражы 8 мыңға жеткен.

«қазақ» газеті соңғы кезге дейін кертартпа ұлтшыл-буржуазияшылық басылым ретінде сипатталып келді. Мұның сыңаржақтығы қазір белгілі болып отыр.

«Қазақ» газеті бетінде басылған қоғамының әлеуметтік, саяси өміріне қатысты кейбір материалдар, ел билеушілердің озбырлығын, парақорлығын әшкерелеген мақалалар ресми органдардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Губернатор мен жандарм бастығы Ахмет Байтұрсыновты бірнеше рет жауапқа тартып, айып салған. Мысалы, «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 80-саында Ахмет Байтұрсынов жазған бас мақалада Қазақ аймағын басқару ережелері қатты сыналғаны үшін Орынбор губернаторы Сухомлинов редакторды 1500 сом штраф төлеу немесе үш айға тұтқындау туралы шешім қабылдайды. 1500сом штраф төлеу газет тағдыры үшін ауырлыққа түсетін болғандықтан А. Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан полицияға өзі барып, айып төлеуден бас тартатынын, түрмеге отыруға дайын екендігін айтады, 20 қазанда ол түрмеге алынады. Бұл жағдай туралы хабар тарасымен-ақ газет оқушылары ақша жинап, айыпты төлеп, 5 күннен кейін А.Байтұрсыновты түрмеден босатып алады, сөйтіп 1916 жылы да газет 3000 сом айып төлеген, солардың бәрін де газеттің оқушылары, тілектестері көтерген. Олар Байтұрсыновты тұтқынға алғызбай, басылымды жаптырмай, аса ізгі мінездер танытқан.

А. Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов: «...Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын» - деп жазған-ды. «Қазақ» газеті 1917 жылдың шілде айынан «Алаш» ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай облыстық Советтері Съезінің шешімімен жабылды.

Ахмет Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы – оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. Мұның бәрі қоғамдық ой-пікірде тынымсыз ізденген, өмірге құштар жас Ахмет үшін текке кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан ол айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды. өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді. Ахмет:

 

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Қайсысы ықыласын салып тыңдап,

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан аз да болса белгі қалар, - дейді.

 

Ақынның өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

 

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» - сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді.. ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

«Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысының, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімділік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға айлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.

Алдыңғы ағалар суреттеп кеткен қазақ қоғамының жалпы қалпында дәл сол кезде айтарлықтай өзгерістер жоқ-ты. Ахмет қоғамының сол бір келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмайды. Ол жан ауыртып, жүрек сыздатар «қасірет сөзін» айтып, хатқа жазады.

            А. Байтұрсыновтың «Жиған-терген» өлеңі Абайдың «Сегіз аяғы»

 Үлгісімен, әсерімен жазылған шығарма. Осы өлеңде қазақ қоғамының бірсыпыра көкейкесті мәселелері көтерілген. Елді, ел намысын ойлайтындар аздығы, бірліктің жоқтығы, ел басшыларының зорлықшылығы, т.б. жайлар туралы ой-тұжырым айтылған. Қоғам қалпы туралы ойланған ақын:

 

Әр жолды ойлап,

            Ойыма бойлап,

            Ұқтым тайыз, тереңді.
            Сайраған тілмен,

            Зарлаған үнмен,

Құлағы жоқ кереңді –

Ұқтыра алмай сөз әуре,

Тек тұра алмай біз әуре, –



дейді де, сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады.ұлы ұстазы Абайша ол «Салынып дауға, сатылып жауға» аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза молдаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінездерді сынға алады. «Ұйқышыл жұртты, түксиген мұртты, обыр обып, сорып тұр» - «Түн етіп күнін оятқызбай қорып тұр» - ақын ойынша мұндай озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырған саясаттың нәтижесі. Соның бәрін көріп толғанған ақын:

 

Ұлғайып қайғы,

Уытын жайды,

Айтпасыма болмады.

Қабағын түйіп,

Қаһарын жиып,

Көкті бұлт торлады.

Жаңбыр жаумай, жауса қар,

Жұрт жұтайтын түрі бар, -

деген ойлы тұжырым жасайды.

А. Байтұрсынов қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп үндемей жүре бермей, адамдық қасиеті қорғауды қалайды. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. «Адамдық диқаншысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алдағандарға алданбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, алардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады.

Елдің ауыр халін аз да болса жеңілдету жолдары туралы ойланғанда Ахмет бұрын қалыптасып дамыған ағартушылықтың мақсат-мұраты арнасында ой өрбітеді, ұйқыдан оянып, білім-ғылымға ұмтылу қажеттігін, оянған ерге еру керектігін еске салады. Оның:

 

Оянған ерге
            ұмтылған жерде

Еруші азда, серік кем.

Қас білген досты,

Дос білген қасты,

Мұндай елді көріп пе ең?

Қыс ішінде бірер қаз

Келгенменен, қайда жаз?! –

 

деген өлең жолдары ел ішіндегі азын-аулақ зиялы азаматтар сөзіне құлақ қоюдың аздығына күйінуден туған. Ақын өлеңдерінің шығарылған жылдары нақты қойылмауы, әрине, оның творчестволық ой жүйесінің эволюциясын анықтауды қиындатады. Дегенмен, «Маса» өлеңдер жинағы 1911 жылы басылғанына сүйеніп, сонда жарияланған туындылар содан бұрынғы жылдары жазылғанын, Ахмет Байтұрсыновтың ел күйін өзгертудің ағартушылық жолдан басқа бір арнасын іздеп, сезіне бастағанын байқаймыз. Ол ізденіс 1905-1907 жылдар уақиғаларына, революциялық дүмпулердің қазақ жерлерін де шарпуына байланысты қалыптаса бастаған деуге болады. Мысалы, «Бақ» деген өлеңінде ақын:

 

Бұлттар басып жасырған,

Жаңа түсіп басылған,

Таң шапағы сөніп тұр;

Жаңаланған өмірден

Жаңа шығып көрінген

Гүл қамауда семіп тұр, -

 

дейді. Мұндағы «жаңа түсіп басылған», «таң шапағы», «жаңа шығып көрінген, гүл қамауда семіп тұр» - деген көркемдік компоненттер, символдық бейнелер замана бағытына жаңа ғасыр көгіндегі көрініс-құбылыстар әкелген бағыт-бағдар әсерлерінен туғаны байқалады. Ағартушылық баққа жетудің қиындығын ол тез түсінеді. Алайда, ақын түңілген емес, ізденуден, үміттенуден, ұмтылудан жалықпайды:

 

Үміт сүрер жыраққа,

Жетесің деп мұратқа,

Талықсам да ізденіп,

Қашан көңіл жасарар?

Арқа басың босанар

Рахатты жаз келіп?

Қашан жанып шам-шырақ,

Сәуле беріп жарқырап,

Болар жарық төрт тарап?

Қашан маған іздеген

Күліп жылы жүзбенен

Болар серік бақ қарап? -

деп армандайды ол. Бұл тамаша өрнектер тек бір ақынның жай-күйі ғана емес, Октябрь алдындағы қазақ қоғамының рухани ізденістерінің белгісі, алда жанар шам-шырақты армандап күту, аңсау әрі сену сарыны. Мұның негізінде қазақ қоғамының тынымсыз рухани ізденістері, мүддесі, кейінгі революциялық толқындарға, өзгерістерге жылдам ілесуіне себеп болған таза оптимизм жатыр.

«Маса» жинағының көркемдік арсеналында талай эпитеттер, теңеулер, шендестірулер, инверсиялар, мақал-мәтелдер бар. Мысалы, теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік, надандық жайғасқан жайды ақын, көбіне «түн», «түнерген төбемізден бұлт арылмай», «қасірет», «өртке душар болып», «не қалды тәнімізде шарпылмаған», «алалық алты бақан дертпен кірдік» деп бейнелейді. Айтайын деген ойын ақын көркемдеп жеткізуге, бейнелі сөз табуға шебер. «Досыма хат» өлеңі түгелімен осындай бейнелі сөздерден, теңеумен шендестіруден, антитеза мен синекдохадан тұрады:

 

Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген төбемізден бұлт арылмай.

Көк атты, көн терілі, көніп қалған,

Сықса да шыдай беру – жұрт жарылмай.

 

Бұл жолдарда қазақтың көркемдік ой жүйесінде қалыптасқан өрнектер ақынның өзіндік ізденістерімен астаса қиюласқан. Айталық, «қырағы қия жазбас сұңқарым-ай, қажымас қашық жолға тұлпарым-ай» деген метафоралық өрнектер бұрышынан көркемдік арсеналда бар болса «өлігін өлексенің өрге сүйреп, шығармақ қыр басына іңкәрім-ай» ақын өзі тапқан көркемдік тіркес, айтылмыш ойды үдете, үстемелей жеткізу қызметін атқарып тұр.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасын  - көп ғасырға қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық-ағартушылық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Оларды қайта бастыру туған әдебиетіміздің жалпы адамзаттық, гуманистік, демократтық, тәрбиелік сипаттарын айқындап аша түсетін мұра болмақ.

Ахмет Байтұрсынов қылдырған бй мұраның тағы бір саласы оның көркем аударма дамуына үлесі. Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. Ахмет Байтұрсынов аудармамен шұғылданған тұста, яғни ХХ ғасырдың бас кезінде аудармада, әсіресе, орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақталған еді. Сонау Абай мен Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақыл

Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×