Христиандық біртіндеп платондық идеялар билеген салаларға жақындап келе жатты. Кейінірек христиан ойшылдары өздерінің діни әсерлерін түсіндіруге әрекет жасаған кезде, плотин мен оның пұтқа табынушы ізбасарларының неоплатондық ойларына жүгінулері табиғи болып көрінді.
Адамдардың көпшілігіне ешқандай экзотика керек емес, өйткені оларға жаңалық деген идеяның өзі жақпайды. Олар қалыптасқан ғұрыптарды – дәстүрмен байланыс арқылы сездіреді.
Христиандық IV ғасырдың соңында «Әрекеттер» тізіп шыққан жерлерде күшейе бастайды. Ол «құдайдан қорқушылар», яғни прозелиттер көп келетін еврей диаспораларындағы синагогаларда да тамыр жаяды.
Исаның миссиясының айқын табиғатына қатысты көптеген болжамдар болды. Шамасы, Інжілге оның өз аузымен айтқан сөздерінің аз ғана бөлігі енген және ондағы деректердің көпшілігіне – Исаның өлімінен кейін – Әулие Павел салдырған шіркеулерде болған бертіндегі оқиғалардың әсері тиген.
Филон Александрияда платонизммен суарылған яһудилікті уағыздап, ал Гиллель мен Шаммай Иерусалимда бір - бірімен дауласып жатқан кезде, Палестинаның олтүстігінде бір тегеурінді тұлға өзін таныта бастады.
Филон өлген жылы Александрияда еврейлер ереуілі басталды, барлық жерде еврейлер тарапынан көтеріліс шығу қаупі үдеді. Б. д. д. І ғасырда Африканың солтүстігі мен Таяу Шығысты Рим империясы жаулайды.