Мүмкін еместі немесе үйлеспеушілікті таңбалау мақсатында Виргилий ат пен арыстан - құсты будандастыру әрекеті жайында айтады. Латындықтар шығарған «Грифті атпен будандастыру» деген мәтел әлдебір мүмкін еместікті білдіре бастады.
Есте жоқ ескі заманда алып Алтай тауын қоныстанған бір қауым жұрт болыпты. Олар жыныс орманды жамылып, аң аулап, жеміс - жидек теріп жеп күнелтеді екен.
Күн де, Ай да жарығын түсірмейтін екі теңіздің аралығындағы елге қуылған жамандық сайтаны Еркілік қайтадан Майтөреге келіп, одан: - Сен маған өз аспаным мен өз жерімді жаратуға рұқсат етесің бе? – деп сұрады.
Ашулы Еркілік адамдардың жандарынан айырылып қалған соң, енді теңізде Жалмауыз аждаһа (Андалма - Муус) жаратып, оны адамрға айдап салды. Қорқынышты Жалмауыз теңізден сала - құлаш тілін шығарып, адамдарды қармап алып жей берді.
Баяғы заманда боз түйе, сұр ат, ала сиыр, қоңыр қой, сары ешкі, қара есек болыпты. Долы қара есек дөрекі дауысымен жануарларға орынсыз ақыра береді екен.
Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды.