Сайтқа кіру Тіркелу

Тарандром туралы миф

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Тарандром туралы миф
Гелондар деп аталатын сақтарда тарандром дейтін өте сирек жануар бар. Ол жүрген жеріне қарай жүнінің түсін өзгертіп отырады екен. Яғни ағаштардың, тастардың, жалпы өзін қоршаған зат атаулының түсі қандай болса, оның жүні де соған қарай құбылатын көрінеді. Сондықтан бұл жануарды ұстау қиын. Басқа жануарлар, мысалы, хамелеон мен полип терілерінің түсін өзгертсе, тарандромның жүнін өзгертуі аса таңданарлық жайт.
Тарандромның үлкендігі өгіздей, басының тұрпаты бұғыға ұқсас.
... Тарандромның тұрқы өгізбен шамалас, басы бұғынікінен үлкенірек, бірақ содан өзгешелігі жоқ. Мүйізі тарам - тарам, аша тұяқты. Жүнінің қалыңдығы аюдікіндей, ал түсі, өз реңімен жүргісі келгенде, есектің түсіндей болады. Терісінің беріктігі сондай, одан сауыт жасайды. Үрейленген кезде тарандром өзі тығылатын барлық ағаштардың, бұталардың, сондай - ақ сол ортаның түсін қабылдайды, сол себепті ол қолға сирек түседі. Жануардың денесінің осындай сан алуан түспен құбылу қабілетінің болуы, әлбетте, таңсық жәйт, ал мұндай өзгерткіштіктің жүнге даруы таңқаларлық.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Атбегілік арналары: Биенің сыны

Атбегілік арналары: Биенің сыны

Қазақ жұртында: «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» немесе «Алып анадан, ат биеден туады» дейтін тәмсіл бар. Демек, жүйрік құлынның тууы –...
«Алтын адам» туралы миф

«Алтын адам» туралы миф

Баяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған. Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап алған....
Скиф патшасы Тарғытай және оның ұлдары

Скиф патшасы Тарғытай және оның ұлдары

Скифтер Тарғытайдың шығу тегі жөнінде оның әкесі – Зевс, шешесі – теңіз патшасы Борисфеннің қызы Гестия дейді. Ертеде гректер Борисфен деп Днепр...
Туыстық атаулар сыры

Туыстық атаулар сыры

Әлбетте, қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты....
Тяран-Мызықайды сәуегейлігі

Тяран-Мызықайды сәуегейлігі

Жалмауыз аждаһаны жеңген Тяран - Мызықайдың кейпі адам тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім екенін, қайдан келгенін ешкім білмеген....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×