“Әділ мен Мария” романында синкретті сипат мол. Лиризмге, философияға толы, авторлық монологтар уақиғаны баяндаудың түрлі деңгейдегі үлгілерімен қабаттасып келсе, диалогті бейнелеудің дәстүрлі, драмалық, классикалық түрлері қатар қолданылады.
Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау. Оқушыларды поэмадағы кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу, өзінің ата тегін, тарихын білуге үйрету.
Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету. Оқушылардың Шәкәрім өлеңдерін талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.