Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.
Адамның бәрі бір, болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі өліп,
Бірігер еңбекте барша адам баласы.
Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.
«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?
Таласпай бөліссе табиғат байлығын,
Қара жер тойғызар адамның барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған
Өмірдің көреді бақытты сайлығын.
Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.
Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!
Бостандық таңы атты
- ramuk_b
- 9 желтоқсан 2018
- 1943
- 0
- 60
Ілмек сөздер: Бостандық таңы атты, Бостандық таңы атты өлеңі, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Адалдық пен адамдық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру....Дін туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі. Бөріге қой алдырмас ердің ері. Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері....Қара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзі
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле...Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста!
Адам баласы осынау жарық дүниеге шыр етіп келіп, көзін ашқаннан соң - ақ «өмір» атты алып әлемнің титтей бір бөлшегі болып саналады. Алғаш тәй - тәй...Бостандық таңы атты
Шәкәрім өлеңінің мазмұнын ашу. Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізе отырып, автордың негізгі ойын табу. Ойлау қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдыларын,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.