Сайтқа кіру Тіркелу

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдері
Мақсаты:
Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
Дамытушылық: Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету. Оқушылардың Шәкәрім өлеңдерін талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Шәкәрім шығармаларының тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Шәкәрім шығармаларының таралуын насихаттау.
Сабақтың әдісі: шығармашылық, зерттеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: тарих,
Сабақтың көрнекілігі: портрет, ақын жайлы ұлылардың сөздері, кітаптар, газет - журналдар, сызба – кестелер, мультимедиялық тақта
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Үй тапсырмасын сұрау, бекіту
Абай Құнанбаев өлеңдерін жатқа оқу

Жаңа сабақ
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға» «Адамдық борышың»

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрімнің шыққан тегі, балалық шағы.
Шыңғыстау өңірінде 1858 жылы 14 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбай, әкесі Құдайберді - Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күнке атты бәйбішесінен дүниеге келген, 5 жасында оқуға беріліп, 7 жасынан бастап, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болды.
Абайдың талантты шәкірті.
Әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салғаннан кейін Абай ағасының тікелей қамқорлығын көріп өсуі; Абайдың тәрбиесі арқылы талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасты
Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы.
Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп, Абай ағасының басшылығымен, өз заманындағы білімдар, ғұлама ойшыл, азаматтардың бірі атанды. Араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білуі, орыс тілін жетік білуі; 1905 - 1906 жылдары Меккеге барды.
Шәкәрім лирикасы.
Тұңғыш өлеңін 1866 жылы 7 жасында шығарды. 1912 - 15 жылдардағы халық мұңын жырлау, ел мұратын көздеу, адам қасиеттерін қастерлеу тақырыптары - шығармаларының алтын арқауына айнал
Шәкәрім поэзиясындағы еңбек тақырыбы.
Қоғам дамуындағы еңбектің рөлі туралы; Еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең тұлғалысы деп тануы; «Жолама, қулар, маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдеріндегі еңбекті адамның қастерлі парызына балады
Шәкәрімнің сөз өнерін бағалауы.
Ақынның сөз өнерінің құдіретін түсінуге шақырды. Абай салған соқпақты, әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алды. Өлең әлеміндегі, сөз патшалығындағы өзіндік жолы, өз бағдарлады. Сөз өрнектерін дамытып, халық әдебиетінің бейнелі образдарын өзіндік мәндік бояумен байытты.

Шәкәрім - ақын жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, композитор
«Жолама қулар маңайға», «Адамдық борышың» (Өлеңді мәнерлі оқу)

Мағынаны тану
Жолама қулар маңайға
- болыстар
- бай, шонжарлар
- халықтың қамын ойламайтындар

Нақыл сөздерді теріп жазу
Жақсыдан қазына пұл қалар,
Солмайтын жасыл гүл қалар.
Ақылы дария Абайдан
Таусылмас қоры кен қалар.

Шәкәрім серті:
Серт бергем еңбек етем деп,
- Барша адамзат қамы үшін.
- Алдағы атар таң үшін
- Көтерем тағдыр салғанын
- Өлгенімше ізденем
- Толтырар кемін, қалғанын.
Шәкәрім өсиеті:

Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалғанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім!

Адамдық борышың
Адамдық борыш:
- Халқыңа еңбек қыл
- Ар сақта, оны біл
- Талаптан, білім мен өнер ізде
- Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
- Жоба тап,
- Жол көрсет
- Келешек қамы үшін!
Ой қозғау.
«Менің борышым» эссе жазу.
Пысықтау. Сызба толтыру.
Шәкәрімнің шыққан тегі, балалық шағы
Абайдың талантты шәкірті
Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы
Шәкәрім лирикасы
Шәкәрім мұрасы
Үйге тапсырма
«Адамдық борышың» жатқа оқу.
Оқушы деңгейіне қарай бағалау

№189 орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сәрсенбаева Нұргүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамдық борышың

Адамдық борышың

Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл....
Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...
Қалқаман - Мамыр поэмасы

Қалқаман - Мамыр поэмасы

Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау....
Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың » өлеңі

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың » өлеңі

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Муканова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×