Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Әдісі: Ата – аналар мен балалармен айыс түрлері өтеді. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар.
Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Нұрсұлтан Назарбаев
Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы - отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әке.... Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршамызға мәлім.