Жетістіктің жүз қадамы
49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын
Сөз сүйектен өтеді. Сөзбен де біраз іс тындыруға болады. Отбасыңызда, достарыңыздың алдында, жалпы қоғамда жылы сөйлей біліңіз және сөзіңіз өткір болсын. Өткір болсын дегеніміз сөзіңіздің дәлелі мықты болсын. Көпшілікке ерекше тұлға ретінде көрінесіз. Адамның қандай екені сөйлеген бір - екі ауз сөзінен аңғаруға болады дегенді естіген едік. Өмірде небір түрлі жағдай болуы мүмкін.
Оқуыңызда, жұмысыңызда, бизнесіңізде небір түрлі қиындықтар болуы мүмкін. Сол қиындықтарда әдайым өзіңізді байсалды ұстай біліңіз. Сөзіңіз жылы және өткір болса, көптеген қиындықтардан шығып кетуге мүмкіншілігіңіз де зор болмақ. «Он күнәнің тоғызы тілден» деген сөзді әрдайым есте ұстаңыз.
Сөзіңіз жылы және өткір болса, өміріңізде де қиындықтар көп болмас. Өзіңіздің әрбір сөйлеген сөздеріңізге мән беріңіз. Жағымсыз бос сөздеріңізді байқағанда әрдайым өзіңізді тәрбиелеп отырыңыз. Бірте - бірте сөзіңіз жылы болатыны байқалады. Ал сөзіңіздің өткір болғанын қаласаңыз, онда қысқа да нұсқа мағыналы сөйлей біліңіз.
Өткір сөйлеуді меңгерудің жақсы тәсілінің бірі психологиялық кітаптарды оқыңыз және сөзі өткір адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз. Адамнан адамға сынықтан басқасының бәрі де жұғады. Жылы сөйлеу адамның адамгершілігінің бір бейнесі.
Егер жүрек таза болса, тілден әдемі сөздер шығады.
Хазіреті Әли
Анахарсистің хаттарынан:
Афиндықтарға. Кейде сіз көп сөйлемей - ақ, аз сөзбен пайда келтіруіңіз мүмкін емес пе? Артында жақсы ойлар мен жақсы істер тұрғанда да жаман сөз болмайды. Өте әдемі сөйлеп, іске үлкен зиян келтіретін адамнан гөрі, нашарлау сөйлеп, бірақ іске игілікті пайда келтіретін адамның сөзін тыңдағандарыңыз жө болар.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын
- ramuk_b
- 17 ақпан 2021
- 2071
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жылы сөйлеңіз, сыпайы болыңыз, отбасы, ақыл-кеңес
Ұқсас жаңалықтар:
50 - қадам: өзіңізден есеп алуды әдетке айналдырыңыз
«Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы...35 - қадам: айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста болыңыз
Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым - қатынасына, адалдығына қарай сыйла. Жақсы қарым - қатынас өміріңіздің сапасының бірі. Сіз...Жетістіктің жүз қадамы: жалқаулық
Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксіз де құбылыс. «Негізінде, жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын...Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...
Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.