"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған, Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз, Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз. Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан, Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау – Ойы – дауыл, сезiмi – аспан, Тек жеңiспен көзiн ашқан
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.