Рысбек Тұрысбековке
О бастан-ақ Мен Сен болғам,
Сен, әрине, Мен едің,
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз.
Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес,
Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес.
Тірліктегі менің әрбір өрісім мен жеңісім
Ең негізгі қуаныш боп есептелді сен үшін.
Қалжыраған сәттерімде қайғы-мұңмен қағысып,
Пейіліңді қанат етіп,сен жетуші ең ап ұшып.
Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде,
Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде.
Зор пенделік тарту күшін жеңе алғанын үшін де,
Саф адалдық ауасымен дем алғаның үшін де,
Маған шексіз және шетсіздене алғаның үшін де,
Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл түсімде.
Алғыс айтып өтем саған
- ramuk_b
- 29 қазан 2018
- 10930
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алғыс айтып өтем саған өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қасық қанмен қорғап өтем мен сені
Көкжиектен күн боп қолын созған нұр. Құлагер боп керім сыннан озған жыр. Қиянатты қара қылдай қақ жарып, Мұңсыздарға салшы бүгін қозғау бір....1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған өлең шумақтары, тақпақтар
Бағым жанып, батылмен бел асқаныма. Төзіндіріп өмірдің талаптарына Ниеттеген арманның ең асқағына. Арқасында ұстаздың даналар баққан Ой - өрісім бұл...Достық пен махаббат
Өзендер мен көлдердің, Көлден шалғай шөлдердің, Биіктер мен алыптардың, Жылулар мен жарықтардың арасын Жалғап келген бір ән бар....1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар
Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...Менің адал досым
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ 4 «а» сынып оқушысы Джорабаев Арген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.