Мыңбай Ілесовке
Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан,
Ағып-ағып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп елуден.
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса,
Теңізге ағып баруға мүмкіндігін болмаса.
Өзендер
- ramuk_b
- 8 ақпан 2019
- 1457
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өзендер, Өзендер өлеңі, Мұхтар Шаханов өлеңдері, Мұхтар Шаханов
Ұқсас жаңалықтар:
Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №4
1. Физикалық және химиялық құбылыстар 2. Өзендер 3. Механикалық қозғалыс 4. Тепе-теңдік 5. Ғаламшардағы тіршілік...Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №2
1. Өзендер 2. Ауаның ластануы, атмосфераны қорғау 3. Бақылау жұмысы 4. Жарық бөліп шығару құбылысы 5. Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар...Өзен және көл
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Өзендер. Көлдер және тоғандар
«Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартовна Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Білімділік...Өзендер
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің география пәні мұғалімі Балманова Гульмира Советқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.