Сабақ тақырыбы: Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері
9 сынып
Білімдік мақсаты: сызу пәні туралы, даму тарихы жайлы, сызу пәнін не үшін оқу керектігін мақсаты мен міндеттері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық мақсаты:
графикалық сауаттылығын, шығармашылық ойлауын, қарапайым білігін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Пәнге қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және эстетикалық талғамда тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: графика, геометрия
Оқыту әдісі: баяндау, түсіндірмелі
Сабақ көрнекілігі:
Сабақ құрылымы:
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру 3 мин
кезеңі
Оқушыларды
түгендеу. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау Сабақ барысында оқушыларды белсене қатысуға ынталандыру
II. Үй тапсырмасын тексеру 7 - 8 мин (түйіндесу тақырыбы слайд арқылы сұрау)
Түйіндесудің формулаларын тақтаға жаздырту
Оқушыларға сабақ барысын түсіндіру
Оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеп соңғы нәтижеге жетуге ынталандыру
III. Жаңа білім беру 15 мин Сабақтың мақсаты, барысымен таныстыру
Слайдты қоса отырып түсіндіру
Проекциялау деп жазықтықта (қағазда, экранда, дәптерде) нәрсенің кескінін салу процесін айтады. Бұл жағдайда алынған кескінді проекция дейміз«Проекция» дегеніміз латын сөзі, «алдыға лақтыру» деген мағынаны білдіреді Электр шамының алдында қандай да бір затты орналастырайық сонда оның қабырғада пайда болған көлеңкесін нәрсенің проекциясы деп айтуға болады.
Нүктені проекциялау (көрнекілікті пайдалану)
Кеңістікте кез келген А нүктесін алайық та оны Н проекция жазықтығының үстіне орналастырайық, А нүктесінен а нүктесінде қиып өтетіндей проекциялаушы сәуле жүргізейік, а нүктесі берілген А нүктесінің проекциясы болып табылады
Кесіндіні проекциялау
Кесіндінің проекциясын салу үшін оның екі нүктесінің проекцияларын салып, сонан кейін оларды қосу жеткілікті. Егер түзу кесіндісі проекция жазықтығына 90 бұрыш жасап проекцияланатын болса, онда ол нүкте болып кескінделеді.
Центрлік проекциялау
Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шығатын болса онда ол центрлік проекциялау деп аталады. Сәулелер шығатын нүкте проекциялау центрі, ал алынған кескін центлік проекция деп аталады.
Центрлік проекция бейнелеу өнерінде натураға қарап сурет салуда пайдаланылады, ал архитектурада перспектива деп атайды
Параллель проекциялау
Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса онда ол параллель проекциялау деп аталады күн сәулесі арқылы нәрсенің көлеңкесін осы параллель проекцияға жатқызуға болады. Параллель проекциялаудың екі түрі тік бұрыштап проекциялану яғни егер проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына перпендикуляр болса ал екінші егер проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына 90 – қа тең емес бұрыш жасап түсетін болса онда ол қиғаш бұрыштап проекциялау деп аталады.
IV. Сарамандық бөлім 10 мин
Кітаппен жұмыс. Оқулық 35 - 36 беттеріндегі проекциялау түрлерін дәптерлеріне сызу
V. Сабақты бекіту 5 мин
Проекциялау дегеніміз не?
Қандай проекциялау центрлік деп аталады?
Центрлік проекциялау мен параллель проекциялаудың айырмашылығы неде? тақтаға екі оқушыны шығартып нүктенің, кесіндінің проекцияларын салғызу
VI. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасын беру: 2 мин 14 - 15 тақырыпты оқып келу, А4 пішіміне проекциялау түрлерін сызып келу.
Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері
- Kura 1987
- 24 ақпан 2016
- 14164
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Проекциялау түрлері, қасиеттері, информатикадан сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Сабақтың мақсат - міндеттері: А) Білімділік: Жазық жақты аксонометриялық нәрселердің проекциялары туралы ақпарат беру Ә) Тәрбиелік: Жазық жақты...Перпендикуляр түзулер
Тік бұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады....Геометриялық денелердің проекциясын түсіру
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекциясын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру ә)...Айналу денелерінің проекциялары
Білімділік: Айналу денелері туралы мәлімет беру, Конус, шар, цилиндрмен таныстыру Дамытушылық: сызбаларды оқу, орындау үшін оқушы білімін дамыту...Геометриялық денелерді жазықтықпен қию
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнә мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.