Шешендік сөздер: Сырым батыр деген екен...
Сырым батыр елден сырғып Хиуа хандығында жүрсе, бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы Сырымға:
- Қазақта ас - мас, ет - мет, жігіт - мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі не? – деп сұрайды.
- Сұрауыңызға тойдан кейін жауап берейін, - дейді Сырым батыр.
Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді. Жолдасы палуан күресінде жығып, бәйге алады. Тойдың ойын - қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында Сырым ханның манағы сұрауына былай деп жауап қайырады:
- Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып – құйрық, жылқы сойып – қазы тартады. Сусынға қымыз береді. Соны “ас” дейді. Ал мынадай тастабаққа салып тартқан шөп - шалам мен сусынға берген шайды “мас” дейді. Сәйгүлікті сынайтын жарыста озып келген жүйрікті “ат” дейді, артында қалған тұғырды “мат” дейді. Алқа топтың алдында палуанға түсіп, алып ұрған ерді “жігіт” дейді, жер қауып, жығылған еркекті “мігіт” дейді. Қазақтың “ас - мас”, “ат - мат”, “жігіт - мігіт” дейтін жалғас сөздерінің мағынасы осы, хан.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Сырым батыр деген екен...
- ramuk_b
- 21 қазан 2024
- 382
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сырым батыр, айтқан сөздері, Хиуа хандығы
Ұқсас жаңалықтар:
Сырым Датұлы (1723 - 1802 ж. ж.)
1783 - 1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт - азаттық көтерілісінің жетекшісі....Шешендік сөздер: Әйтеке би деген екен...
Әйтеке би бір жылдары құн даулап, ұлы жүзге келеді. Төлде би Әйтеке биді қарсы алып тұрып. - Биеке, жол болсын,- дейді....Бай адамның ұлына айтқан өсиеті
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: – Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты....Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері
Шешендік өнер туралы ұғым қалыптасады. Шешендердің даналық сөздерімен танысып, өзіндік ой қорыта алады....Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы
СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.