Сайтқа кіру Тіркелу

Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында

Әуенмен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
Бүгін келді жаңарып
Сәбилердің тағы да
Би билейді ән салып
Жасыл шырша жанында
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жыр сала
Бүгін бізде жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз
Қане балалар, бәріміз бірге
Жаңа жыл құтты болсын.(Бәрі бірге)
Тәрбиеші:- ия балалар, бүгін жаңа жыл мерекесі. Олай болса ән де салайық, тақпақты айтайық, биде билейік. Қане бәріміз бірге тауық жылы кетіп, доңыз жылы келді. Олай болса бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымыздан шашу шашайық.
Хор: «Жаңа - жыл»
Мерейім:
Қызық думан күн келді
Жасыл шырша түрленді
Аяз сүйіп терледі
Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы

Диас:
Белый снег пушистый
Раздухе кружиться
И на землю тихо
Подает ложиться
Осы кезде мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір: - Ха - ха - ха мына жерде не болып жатыр, мұнда шырша қайдан келген.
Тәрбиеші: Шыршаның тұрған себебі біз шырша тойын мына балалармен бірге тойлап жатырмыз.
Мыстан кемпір: - А, мүмкін емес мен сендерге шырша тойын тойлатпаймын, мына шыршаны қолымдағы балтамен шауып тастаймын.
Сиқыр болып киінген қыз бала қолындағы сиқыр таяғымен Мыстан кемпірге келіп:- Мыстан кемпір сен қатыгез болма, Мына сиқырлы таяғымен сізді түртіп жіберіп, мейірімді мыстан кемпірге айналдырамын. Бір, екі, үш.
Мыстан кемпір;- ой, ой, ой басым, басым ой, мен біртүрлі болып тұрмын. Ма мұнда балалар жиналып шырша тойын тойлап жатыр ғой, балалар менде сендермен бірге шырша тойын тамашалайықшы.
Тәрбиеші: - Ой, балалар, мыстан кемпір мейірімді болып кетіпті, қане бар өнерімізді ортаға салайық.

Гүлназ:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән жаңа жыр
Жазып бер бізге сен
Жаңадан көп түрлі
Қуыршақ бергейсің
Жаңадан көп сырлы
Үйлерге кіргейсің
Муслим:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жан ашыр
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл
Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт жаңа жыр
Әке - ана, әке – ана
Құтты болсын жаңа жыл.
Шырша шамын жағу
Тәрбиеші: - Балалар, шырша шамын жақтық, енді бізге қонаққа кімдер келеді?
Балалар: - Ақша қар мен Аяз ата келеді
Тәрбиеші:- Біздер олардан не күтеміз?
Балалар: - Сыйлықтар.
Тәрбиеші: - Қане бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Осы кезде қасқыр келеді Аяз ата болып киініп кіреді.
Қасқыр: - Амансыңдар ма? Балалар, р - р - р биыл қандай жыл болмақ?
Балалар:- қой жылы
Қасқыр: Олай болса араларыңда тоқты, қой, қошақандар барма? Мен оларды асап – асап жеймін, менің қарным аш. Биыл қарным тоқ болатын болды р - р - р ха - ха - ха
Тәрбиеші: балалар, қараңдаршы бұл шынымен Аяз ата ма?
Балалар: - Жоқ апай бұл Аяз ата емес, бұл қасқыр ғой.
Тәрбиеші: Онда біз қасқырды қармен ұрып қуайық.
(Балалар қасқырды қармен ұрып қуып жібереді)
Тәрбиеші: - Балалар бар дауысымен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Жеке ән: «Шырша әні»
Би: «Ча - ча»
Темірлан:
Төрле, төрле жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Тілекке елді жеткізіп
Есте қалсаң жарадың
Нұрдана:
Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақта тебеміз
Шанамызға мінеміз
Мәз – мәйрам боп күлеміз
Жарысамыз бәріміз
Жарасып тұр сәніміз
Бақдәулет:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.
Іңкәр:
Даламызға қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, жалпыңызға
Жалынды сәлем береді.
Хор: «Аяз ата»
Би: «Испан»
Әсем:
Жаңа жылды бар тілде
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әркімде
Жақсы үмітпен қарайды
Жоламасын елге мұң
Аңсаған:
Жаңа жылмен! Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Атамызды, әжемізді
Қонақтардың бәрінде
Жүзімізде күлкі ойнап қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Мансұр:
Тақпақтарды жаттадық
Би де үйрендік көрсін деп
Аяз ата шаттанып
Бізге риза болсын деп
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз

Райхан:
Даланың да қаланың да
Думандатып отбасын
Тағы міне, жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды бәріміз
Жаңа жылды біз тойлап
Би - билейміз бәріміз
Хор: «Зырлайды шанамыз»
Ерасыл:
Здравствуй гостья зима
Просим милости к нам
Песни севера петь
По лесам и степям
Хор: «Аяз ата»
Ойын: «Боран мен балалар»
Жеке ән; «Жаса Қазақстан» Диас
Тәрбиеші:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін
Оқ атпасын ешкімде
Өмір деген тым ыстық
Жұмыр жердің үстіне
Бұзылмасын тыныштық
Құттықтау сөз: балабақша меңгерушісі

Шалқар аудандық білім бөліміне қарасты
№12 балабақшасы тәрбиешісі
Аманғожина Халима

Жаңа жылға арналған тақпақтар:

Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Жаңа жылға арналған тақпақтар
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар

Дала нұр, қала нұр Құтты болсын Жаңа жыл Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Нұр жайнаған ажары...
Қош келдің, жаңа жылым!

Қош келдің, жаңа жылым!

Барысы: Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіріп, орындарына отырады....
Тамаша – тамаша, Шыршамыз тұр жараса!

Тамаша – тамаша, Шыршамыз тұр жараса!

Зал іші «Әдемі, мерекеге сай безендірілген. Ортада әдемі шырша тұр, әр түрлі ойыншықтары ілінген. Музыка әуенімен әр түрлі киім киген балалар залға...
Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Қартыңызға, балаңызға Жалынды сәлем береді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×