Сабақтың аты §1. 2. 3 Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы мағлұмат беру
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра білуге үйрету
өзін - өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы мағлұмат алады
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра білуге үйренеді
өзін - өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Физиканың мақсаты – табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:
1. Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
2. ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.
3. Лазердің дүниеге келуі.
4. Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Түгелдеу
1. 2. Топқа бөлу (техника, құбылыс, материя сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
1. Физика курсы жайлы шолу жасау
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
1. Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?
2. Физиканың мақсаты неде?
3. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген сөздерге шағын эссе жазады
1. табиғат
2. техника
3. құбылыстар
Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой - пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)
1.. Аспан денесін көрсет:
A. Тікұшақ
B. Ағаш
C. Комета
D. Ауа
2. Қайсысы физикалық дене?
A. Автомобиль
B. Ауа
C. Килограмм
D. Қайнау
3. Қайсысы зат болып табылады?
A. Ай
B. Жарық
C. Мыс
D. Грамм
4. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?
A. Шардың қозғалысы
B. Қоңыраудың сыңғыры
C. Таңның атуы
D. Қардың еруі
5. «Физика» атауы нені білдіреді?
A. Табиғат B. Адам C. Қоғам және техника D. Космос
E. Жануарлар мен өсімдіктер
6. Тұңғыш қазақ ғарышкері -
A. Т. Мұсабаев B. Т. Әубәкіров C. Ю. Гагарин D. Н. Басов
7. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
A. Микроскоп B. Телескоп C. Лупа D. Бинокль
8. Материя дегеніміз -
A. Тастар B. Ағаштар C. Өсімдіктер D. Табиғаттағы кез - келген зат
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы мысалдар келтіру..
Кейінгі оқу §1. 2. 3 Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Слайдтар
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым
- аяна
- 13 қазан 2015
- 7924
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыру, физикадан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математикалық бағытындағы 10 - 11 - сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік...Отынның энергиясы
Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану...Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)
Түсінік хат Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет....Менделеев - Клапейрон теңдеуі. Газ заңдары
Менделеев - Клапейрон теңдеуі жайлы мағлұмат беру Менделеев - Клапейрон теңдеуінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету...Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Сабақ тақырыптары: 1. Иван Крылов Ат пен есек 2. Қысқа дайындық. Қ. М. Әли[/b]...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.