Жетістіктің жүз қадамы
65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз
Мақсатқа жетуге бұл – үлкен жетістік. Ал жетістік оңай келмейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі. Бірақ біз кейбір кедергілерді байқай бермейміз. Мысалы, сіз мақсатыңызға байланысты атқаратын жұмыстарыңызды істеп жатырсыз делік. Сол сәтте бір досыңыз сізді бильярд ойнауға шақырды делік. Сіз сол мақсатыңызға байланысты жұмысты тастап соған барар ма едіңіз. Сіз сол уақытта сол шақырған досыңыздың көңілін қалдырмай баратын болсаңыз, ол сізді пайдаланғаны болады.
Әрине, ол сізді пайдаланам деп пайдаланбайды. Бірақ шындығында сізге е керекті нәрсеңіз уақытыңыздың кетуіне апарады. Досымның көңілін қалдырмайын деп барам деп, өзіңіздің мақсатыңыздың орындалуына кедергі жасамаңыз.
Әрине, достарыңызға уақыт бөлмеңіз емес, бөліңіз. Бірақ белгілі бір уақыттарда ғана бөліңіз. Демалыс уақыттарында уақыт бөліп өзіңіз де бір сергіп алсаңыз болады. Бірақ мақсатыңызға байланысты жұмыс атқару үстінде, бұндай ұсыныстарға «жоқ» деп айтып үйреніңіз.
Адамның миы көп жұмыс атқарып, алдыға ұмтылып, көп ойланудан гөрі, жатып ұйықтау, демалу, отыру, ештеңені ойламағанды жақсы көреді. Себебі үнемі адамның адами миынан қарағанда хайуани миы көбінесе адамға оңай жолды көрсетіп тұрады. Немесе адамның нәпсісі деп айтсақ та болады. Хайуани ми өзін қинағысы келмейді. Ол ең алдымен жан сақтап қалғысы келеді.
Мысалы, сіз өз салаңыз жайлы әлеуметтік желіден бейнежазбалар көргіңіз келді делік. Сол уақытта адамның хайуани миы артық нәрсеге қиналғысы келмей, сізге кері байланыс бере бастайды. Ой неғыласың көріп, кейін көресің, оны былай да игеріп аласың немесе сәл жатып демалып ал деген сияқты сізді кері тартып тұрады. Себебі бұл хайуани ми. Хайуани мидың айтқанын үнемі істесең, хайуан болғаның. Қысқасы, хайуани мидың етегінде келген ойларға жоқ деп айтып үйреніңіз. Олар жалқаулану, көп жату, отыра беру, жаңа нәрселерге ойлануға еріну, өзіңе пайда әкелетін, бірақ еңбекті талап ететін істерге қиналуы. Керісінше, саған зияндық әкелетін, бірақ уақытша рахатты сездіретін нәрселерге құмарлық. Міне осы секілді нәрселерге жоқ деп айтып үйреніңіз. Сонда жетістікке жететініңіз анық болмақ.
Мақсатыңа жетер жолда кедергі туғызатын нәрселерге жоқ деп айтып үйреніңіз.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз
- ramuk_b
- 19 сәуір 2021
- 1867
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мақсатқа жету, жетістік, жетістіктің жүз қадамы, арман, армандау
Ұқсас жаңалықтар:
Жетістіктің жүз қадамы: жалқаулық
Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксіз де құбылыс. «Негізінде, жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын...Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық
Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын,...22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Конфуцийдің 9 ілімі туралы
Конфуций - әйгілі шығыс философтарының бірі. Оның сөздері әлі күнге дейін өзекті және біздің жүрегімізде жаңғырады....Конфуцийдің 9 ілімі туралы
Конфуций - әйгілі шығыс философтарының бірі. Оның сөздері әлі күнге дейін өзекті және біздің жүрегімізде жаңғырады. Оның сабақтарының көпшілігі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.