Бабалар ізімен
Садақаны дәулетіңе сай бер!
Тарғын деген бал сататын саудагер екен. Күндердің күні бал толтырылған бөшкелерді тиеген кемесі жағаға келіп тоқтайды. Қолында шағын ыдысы бар бейтаныс қарт әйел келіп, саудагерден аз ғана бал сұрайды. Алайда, саудагер бермейді. Кейуана да дауласпай жөніне кетіп қалады. Тарғын өзінің көмекшісіне «әлгі кейуананың үйін, мекенжайын тауып, бір бөшке бал жеткізіп беріңдер» деп тапсырады. Көмекшісі «құп болады» деп, артынша: «Кішкене ғана бал беруден бас тартып, соңыра бір бөшке бал беруіңізді сыры неде?» деп сұрайды.
Тарғын: «Е - е, балам! Ол кейуана өзінің шамасынша сұрады, ал мен өз шамама сай берудемін» деген екен.
Егер садақа беруші бұл құлшылықты шынайы түрде жете түсінсе, беріп жатқан қайырымдылығы кедейдің қолына тимей жатып, Алланың құзырында қабыл болатындығын білсе, алушының рақатынан берушінің рақаты басым екенін ұғынар еді. Садақаның көл - көсір пайдасын қысқа да, нұсқа етіп айтар болсақ:
1. Садақа – жәннат қақпаларының бірі;
2. Садақа – ең ізгі амалдардың қатарынан;
3. Садақа – қиямет күні иесіне сая және көлеңке;
4. Садақа – Жаратқанның қаһарын, қабірдегі аптап ыстықты басады;
5. Садақа – марқұмға сауабы тиетін ең қайырлы амал;
6. Садақа – адамның жанын тазалап, сауабын еселей түседі;
7. Садақа – қайырымдылық жасаушының жүзін қияметте нұрлы етеді;
8. Садақа – ең үрейлі күні (қияметте) адамға қауіпсіздік сыйлайды;
9. Садақа – күнәнің кешірілуіне себепкер;
10. Садақа – періштелердің дұға етуіне себеп және өмірінің соңы жақсылықпен тәмамдалуына сеп;
11. Садақа беруші – ең жақсы адамдар қатарынан, ал садақаның сауабына оған септігі тиген әркім ортақ;
12. Садақа иесіне мол жақсылық уәде етілген;
13. Садақа беру тақуалардың сипатынан;
14. Садақа – сақилық пен жомарттықтың айқын белгісі;
15. Садақа – дұға - тілектің қабыл болуының үлкен себепшісі;
16. Садақа – жамандық пен пәлені қайтарушы;
17. Садақа – өмірді ұзартып, ризық - несібені молайтады;
18. Садақа – дертке дауа, сырқатқа саулық сыйлайды;
19. Садақа – өрт, суға кету, ұрлық және жаман өлімнен қорғайды;
20. Садақа жануарлар мен құстарға берілсе де сауапқа ие.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Садақаны дәулетіңе сай бер!
- ramuk_b
- 17 ақпан 2021
- 2008
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Садақа, Садақа беру, садақаның құдыреті, қайырымдылық, қайырымдылық жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың жазылмаған заңдары
Тойға – сияпат. Жас үйленгендерді – асқа шақыру. Жас босанған анаға – қалжа....Сарыарқаның жаңбыры
Көп уақыт жаңбыр көрмей, қурап, күйіп, Жоқ еді Сарыарқада көрер сыйық, Шөлдеген сол қатарда жан - жануар Аузына тұра алмаған тілі сыйып....Бес асыл, бес дұшпан
Бес асыл, бес дұшпан Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз... Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ, Бес...Ораза 2022 жыл
Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған...Имандылық – ізгіліктің негізі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.