Уақытыңды басқар
АДАМНЫҢ УАҚЫТЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРАТЫН НЕГІЗГІ ЖЕТІ ФАКТОР
1. Телефон, электронды пошта, СМС
Уақытты жоғалтудың ең бірінші әрі басты себебі – телефон, электрондық пошта, смс секілді күнделікті кедергілер. Бұлардың барлығы сіздің көңіліңізді негізгі жұмысыңыздан басқа жаққа аударып, маңызды жайттарды ойлануда миыңызда іркіліс пайда болуына әкеліп соғады. Тіпті телефонды қойып, поштаны жапқаннан соң да жұмысқа қайта кірісу қиындап, бірқатар уақыт алады.
Адам бір күндегі уақытының жартысын телефонымен өткізіп алып, күннің соңында ешқандай тірлік бітірмеген болып шығуы мүмкін.
Мұндай кедергілермен күресудің жеті жолы бар:
1. Телефон мен пошта секілді хабарласу құралдарын тек жұмыс бабымен ғана пайдаланыңыз. Қызмет барысында қажет болған жағдайда да жұмысын барынша тезірек бітіруге тырысу керек. Жұмыс уақытында жеке мәселелерді талқыламаңыз. Жұмыс уақытында байланыс құралдары тек қана қызмет бабымен пайдаланатындығына бойыңызды үйретіңіз. Қазіргі таңда бұл жайт әсірее смартфондарға қатысты екені белгілі.
2. Электрондық хабарламаларды маңыздылығына қарай саралап қойыңыз. Телефон соққан адаммен сөйлеспес бұрын кім екенін анықтап алыңыз. Белгісіз қоңырауларға жауап берерде қызығушылығыңызды баса тұрып, қандай мақсатпен қоңырау соққанын сұрап біліңіз.
3. Күнделікті жоспарыңызда сізді ешкім мазаламауы қажет уақыт арнап қойыңыз. Смартфон мен байланыс құралдарыныңы құлына айналмаңыз! Олардың дыбыстарына елеңдей бермеңіз. Дұрысы, ондай ескертпе дыбыстарды мүлде өшіріп тастаңыз.
4. Егер өзіңіз хабарласқан не хат жіберген болсаңыз, сізге қайта хабарласа алатын немесе жауабыңызды ала алатын уақытыңызды алдын - ала ескертіңіз.
5. Сөйлесу мен хат жазуға арнайы уақыт бөліп, барлығын бірден бітіріп алуға тырысыңыз. Күні бойы ол істермен айналысып отырмаңыз.
6. Телефон қоңырауларын алдын - ала жоспарлаңыз. Қызметтік кездесудегідей талқыланатын тақырыптарды алдын - ала белгілеп қойыңыз.
7. Телефонда талқыланған жайттарды қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Сонда қайта сұрауға қажеттілік болмай, уақыт үнемдейсіз.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
- ramuk_b
- 13 тамыз 2020
- 1567
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Уақытыңды басқар, Телефон, электронды пошта, СМС
Ұқсас жаңалықтар:
«Электрондық тәуелділік»
Біз көптеген электронды құрылғылардың бізді ісімізден алаңдата беретін кезеңде өмір сүрудеміз. Егер жағдайды өз қолыңызға алып, өзіңіз басқармасаңыз,...22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Ояну сырлары
Әлбетте, денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы...Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі
Телефоныңызды бір минутқа да қолыңыздан тастай алмай, қайта - қайта хабарламаларды тексере беретін болдыңыз ба? Бұл мақалада осы дерттен арылуға...Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 21 орта мектебінің 3 "Б" сынып оқушысы Атабаева Әйгерім Маратқызы Ғылыми жетекшісі: Тлеубаева Жанар Жолдыбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.