Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды.
«Қайыңның қасіреті» (әңгіме) Қ. Толыбаев Қар кетіп жердің бері дегдей бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала - сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпегени жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр.