Мұғалім: Нургалиева Назгуль Турлановна
Тақырыбы: Әдептен озбайық.
Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиет (сапа): адамгершілік қатынастарды – ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру.
9 сынып
Мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Қоғамдық орындардағы, адами қарым - қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;
- Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;
- Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді. Сабақ барысын талқылау:
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№21 сабақ, оқулықтың 102 бетіндегі Ж. Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі» мәтінін оқып келу.
- Жігіттердің іс - әрекеті сізге қандай ой қалдырды?
- Олардың істегендері дұрыс па?
- Оларға қандай ақыл - кеңес берер едіңіз?
- Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?
3. Дәйек сөз.
«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп - оңай айырылып қалуымыз мүмкін».
И. Гете
Мұғалімнің сыйы: «Бәрі өз қолыңда» видео
4. Әңгiмелеу (сұхбат).
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз.
Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік» деген сөздердің мағынасын ашу үшін антонимдік және синонимдік тәсілдер қолданайық.
Мысалы:
Синонимдік тәсіл: Әдеп, тәртіп, үлгілі, тәрбиелі
Антонимдік тәсіл: Әдепсіз, тәрбиесіз, өнегесіз т. б
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ұғымды тұжырымдау.
№ 1 топ
Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп, даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?
№ 2 топ
Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп – нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді?
Назымға қандай кеңес берер едіңіз?
Тапсырма: Әдепті, Әдепсізге қайсысы жатады?
әдепті: тәртіпті, нәзіктік, мәдениетті, құрмет көрсету, көркем мінез, инабатты, ақылды.
әдепсіз: қиянатшыл, лағынетке ұшырайды, дөрекі, даукес, өтірікші, еріншек, мейірім сезімі қалмайды, тұрпайы, тіл алмайды.
6. Топпен өлең айту.
Қыз сыны
сөзін жазған: Қ. Қазыбеков
Әнін жазған М. Омаров
7. Үй тапсырмасы. «Мен әдепті баламын» эссе жазып келу.
8. Тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.
Әдептен озбайық
- nazok
- 22 мам 2016
- 6456
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдептен озбайық, өзін өзі тану, адалдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік
Ұқсас жаңалықтар:
Әдеп туралы мақал-мәтелдер
Әдепсіз бала Ауыздықсыз атпен тең Ақылды кәрия Жазып қойған хатпен тең....Әдептілік – әдемілік
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Балқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Зұлхарова Айнагул Бақытқалиқызы...Әдепті бала-арлы бала
№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Адамгершілік –асыл қасиет
Мақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;...Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.