Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның азаматтық тұлғасы

Семей қаласы,
Шүлбі орта мектеп -кешені
өзін –өзі тану мұғалімі Жумыкбаева Бекзат Жекебаевна

Сабақтың тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы
Сабақтың мақсаты:
Жеке адамның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.
Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
* Азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсіндіру;
* Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;
* Оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен, қоғаммен саналы қарым - қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ көрнекіліктері: слайд.
Сабақ әдіс – тәсілдері: тыныштық сәті, ойын, пікірлесу, шығармашылық жұмыс, назар аударайық, бейнеролик, жүректен жүрекке.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру
1. Нұрға бөлену.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» шығарма. 5 - минут
2. Жалғасын тап 2 - минут
ІІІ. Негізгі кезең
1. Ойын: «Репортер» Сұрақ - жауап 5 - минут
2. Негізгі ұғымды ашу «Азамат деген кім?» 3 - минут
3. Бауыржан Момышұлы естелігімен таныстыру. ( слайдтан оқу) 3 - минут
4. Дәйексөз «Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра» 1 - тапсырма 27 бет 5 - минут
5. М. Шаханов «Төрт ана» ( таңдау бойынша мәнерлеп оқу, талдау, схема)
3 - минут
6. Б. Момышұлы анықтамасымен таныстыру. ( түртіп алу) 5 - минут
7. Бекіту. Анықтамалардың дұрыстығын анықтау. (Топтық жұмыс) 5 - минут
ІҮ. Қорытынды.
8. Бейнеролик « 7 керемет» 7 - минут
9. Ән: « Қазақтай ел қайда» МузАРТ тобы 3 - минут

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Нұрға бөлену.

Сұрақтар:
- Әуен сендерге ұнады ма?
- Сабақ барысында белсене жұмыс жасауға көңіл - күйіміз жақсы ма?
- Бейнероликтегі әдемі гүлдерді көргенде ойларыңа нелер түсті?
- Осы әдемі гүлдерді жақындарымызға сыйласақ оларға біз қуаныш сыйлаймыз. Сендерге жақын адамдар кімдер? (ата - ана, достар, сыныптастар, ұстаздар, туыстар...... ) Соның ішіндегі ең жақыны - АНА
Үйге берілген «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбындағы шығармамызбен таныстырайық.

ІІ. Үй тапсырмасы:
1. «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» шығарма. 5 - минут
2. Жалғасын тап 2 - минут

ІІІ. Негізгі кезең.
1) Ой қозғау.
- Мына суреттерден қандай ой қорытынды шығаруға болады?
- Әр өмірге келген сәби – ол индивид. Ол әлі де өзін қорғай алмайды, өзіне қызмет ете алмайды. Өсе келіп, жеке тұлғаға айналады. Адамның өсу барысында ол өзінің саналық, азаматтық, рухани – адамгершілік, моралдық, шығармашылық қасиет - қабілеттерін дамытып отырады.
Сабақ тақырыбы, мақсат, міндеттерімен таныстыру.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Адамның азаматтық тұлғасы» Сабақта азамат, азаматтық, саналылық, адамгершілік ұғымдарымен танысып, мағынасын танимыз.

2) Ойын «Репортер»
- Алдыңа қандай мақсаттар қоясың?
- Өмірдегі таңдаулар мен қызығушылығың қандай?
- «Азамат» дегенді қалай түсінесің?
- Адамның бойында, азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?
- Сенің ойыңша азамат болу үшін өмірде қандай құндылықтар мен қағидаларды, ұстанымдарды басшылыққа алу керек?

3) Негізгі ұғымды ашу «Азамат деген кім?»
Азамат - деп ата – ана үмітін ақтаған арлы жан.
Азамат – деп ата – ана жанынан ұзап, ат жалын тартып, қатарынан озып, биікке қол созатын талапкер жасты айтады.
Азамат – деп қиын сәтте тәуекел жасап, жетім – жесірге, танысын – танымасын қиындыққа кездескен жанға көмеккке келетін ерен ерді айтады.
Азамат – деп ата – анасына, еліне, халқына, туысқандарға бауырмал, ізгі жанды айтады.
Азамат – деп қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жолы деп сүйген. Отаны, елі үшін еңбек еткен, ел перзентін айтады.
Азамат – деп ез болып отыра бермейтін, заман қиындығына көнбейтін, талап пен талабын жегіп, биікке өрлеуге ұмтылатын батыл өр адамды айтады.
Азамат - деп қате басқан жері болса, сүрінсе, тік тұрып, қатарынан қалмайтын есіл ерді айтады.
Азамат – деп алды тар, арты жар күрес жолында өзі құласа да, тіккен туын
құлатпаған, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлын айтады.
Азамат – деп кәмілетке толып, куәлік алған жасты айтады
Саналық – ақылдылық, ойлылық, адамға тән қасиет.
Адамгершілік - ізгі жақсы қасиеттердің жиынтығы, борыш, міндетті адал орындау.
АЗАМАТ - адамгершілік қасиеті бар, саналы адам. Қазақта адамгершілігі мол, өз елінің қамын ойлайтын адамды АЗАМАТ деген. Халық үлкен сенім артады, оған құрметпен қарайды.
АЗАМАТТЫҚ - тұлғалық жақсы қасиеттерін танытуы.

4) Бауыржан Момышұлы естелігімен таныстыру.
Менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді. Алғашқы мүшел – нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде емес, ауыл – аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді.» деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні өрен аяғын жерге нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата – ана мен төңіреккке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл – енді оңы - солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есептесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі, өзің тізгін ұстағаныңды, өзің ат жалын тартып мінгеніңді қалайсың.
Б. Момышұлы

5) Дәйексөз «Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра» 1 - тапсырма 27 бет 5 - минут

6) М. Шаханов «Төрт ана» ( таңдау бойынша мәнерлеп оқу, талдау, схема)

7) Назар аударайық
Б. Момышұлы анықтамасымен таныстыру. ( түртіп алу) 5 - минут
Қосымша
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Бауыржанның өз әкесі Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын - тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған. Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән - жырына, ертегі - әңгімесіне сусындатып өсірген. Ал, анасы Рәзия - қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалған. 1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. "Кеңсай" зиратына қойылды7

8) Бекіту. Анықтамаларды дұрыстығын анықтау. (Топтық жұмыс) 5 – минут

Ұғым
1. Азаматтық
2. Азамат
3. Адамгершілік
4. Кісілік
5. Саналылық

Анықтамалары
А) Ақылдылық, ойлылық адамға ғана тән қасиет.
Ә) Адамдарға деген ізгі ниет, құрмет, жанашырлық пен сенім кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.
Б) Адамның тұлғалық жақсы қасиеттерін танытатын ұғым.
В) Адамгершілігі бар парасатты адам.
Г) Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет, парызын адал орындауы.

ІҮ. Қорытынды.
1. Бейнеролик « 7 керемет» 7 - минут
Түйін: Адам табиғат және жаратушы сыйымен берілген өз бойындағы кереметтерді пайдалана отырып, өзіне, туғанына, еліне, Отанына, әлемге жақсылық жасай біліп, өз бойындағы 7 кереметті пайдалана отырып, өзінің АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫН дамыту қажет, қадірін білу керек

«Мәңгілік ел» жолдауында ел президенті
«Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы болашағы – жастардың қолында!» деп атап өтті.
2. Ән: « Қазақтай ел қайда» МузАРТ тобы 3 - минут

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×